Әзірбайжан мен Армения арасындағы соғыс тоқтады

10604

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ресей және Әзірбайжан мемлекетінің басшыларымен ортақ келісімге қол қойып, соғыстың тоқтағаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі үкімет басының facebook әлеуметтік желісінде жазған жазбасына сілтеме жасап. 

«Құрметті отандастар, бауырлар және әпкелер. Мен өзім үшін және бәріміз үшін өте ауыр шешімді қабылдадым. Қарабахтағы соғысты тоқтатуға байланысты Ресей және Әзірбайжан елдерінің басшыларымен келісімге келдім», – деп жазба қалдырды Армения премьер-министрі.

Үкімет басы бұл қадамға үлкен талдау жасап барып келгенін айтқан. Ол өзінің жазбасында «бұл өзің білмегенше, жеңіс те емес, жеңіліс те емес» деген сөзді келтіріп, қаза болғандарға және отанын қорғаған жанкештілерге басын иетінін жеткізген.

«Армения жасасын! Арцах жасасын!»,- деп жазбасын аяқтаған.

Бөлісу: