ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтарын халық санасына сіңірудің ерекше маңыздылығын айтып өткен болатын. Осыған орай, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен қазақ халқының тарихынан елеулі орын алатын Қазақстанның қасиетті орындарын анықтап, оның тізімін жасау қолға алынды. Ғылыми-сараптамалық кеңес ашылып, оған белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері тартылды. Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы мен әлеуметтік-саяси өміріндегі маңызды орын алатын ұлттық бірлік пен жаңғыру нышаны ретіндегі нысандар, сондай-ақ ұлттық бірлік пен жаңғыру символы ретінде көрінетін мемлекеттің әлеуметтік-саяси өмірінде маңызды орын алатын нысандар мен кешендер кірді. Қасиетті Қазақстан тізіміне Алматы облысынан да көптеген тарихи, мәдени, табиғи ескеркіштер кірген болатын. Ендеше Алматы облысының қасиетті қазақстан жинағына кірген ескеркіштерінің біразын оқырман назарына ұсынамыз.
Есік обасы
«Есік» обасы Жетісудың «патша» сақтарының ең көрнекті ескерткіштерінің бірі. Ол 40-тан астам обадан тұратын үлкен қорымның оңтүстік шетінде. Обаның диаметрі 60 м, биіктігі 6 м. Үйінді астында екі қабір бар: ортада және бір бүйірінде (оңтүстігінде). Ортадағы қабір қарақшылардың неше дүркін тонауының салдарынан әбден шеккен. Бүйірдегі қабір сол күйінше сақталған. Аумағы 2,9х1.5 м және биіктігі 1,5 м қабір Тянь-Шань шыршасының өңделіп қырналған бөренелерінен қаланған.
Сақ мәдениеті әуелгі кезеңінің жерлеу орындары – 1-2 Қарғалы, Алтынемел қорымдары. 1-Қарғалы қорымы осылай аталатын қойнауда орналасқан. Сақ заманының соңғы кезеңіне 3-Қадірбай, Қарашоқы және Қызылауыз сияқты ескерткіштер де жатады.
«Есік» обасындағы жерлеу орны б. з. б. VI–V ғасырлардың аяғына жатқызылады. Сақ заманындағы қатардағы қауым мүшелерінің қабірлері көлемі жөнінен, бейіттік құрылыстың құрылымы мен қойылған заттары жөнінен бесшатырлық және есіктік үлгідегі «патшалық» қабірлерден мүлдем өзгеше.
Сақтар үшін кез келген оба, ірілі-кішілі қорымдар киелі орын саналды. Мұны осы ескерткіштердегі құрбан шалған орындар, құрбандық қалдықтары, т.б. заттар нақты дәлелдейді. Әсіресе патшалар үшін алып обаларды тұрғызуы тегіннен-тегіс емес еді. Сақтар ата-баба рухына сенді, олар ұрпағын қорғап отырады деп есептеді, сонымен қатар кейбір ғалымдар Митра, т.б. құдайларға сенген деп те есептейді.
Сақтар секілді усун ұлысы Орталық Азия аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің бірі болды. 8 ғ-дағы тарихи жазбалардың деректеріне қарағанда усун ұлысының шығыс шекарасы Бесбалық қаласының аумағы арқылы өтіп, батысында Шу,Талас өзенінің бойына тіреле, Қаратаудың шығысы сілемдеріне дейін созылып жатқан. Орталығы Іле аңғарына аралығындағы «Қызыл Аңғар қаласы» дейді.
Хан тәңірі тауы
«Хан-Тәңірі» шыңы Қазақстан Республикасының Қырғызстанмен және Қытаймен шекарадағы ең жоғарғы нүкте. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2500 км-ге жуық, солтүстіктен оңтүстікке қарай 300 км.
Бұл жерде негізінен биік тау туризмі дамыған. «Хан-Тәңірі» шыңы әлемдегі бірден-бір солтүстік жетімыңдық болып саналады, сондықтан, оның шыңына шығу туризмнің айрықша қауіпті түріне жататанына қарамастан туристерді көптен-көп қызықтырады. Ол, үшкір төртқырлы пирамида түріндегі, әлемнің аса әсем шыңдарының бірі.
Ш.Уәлихановтың мемориалдық кешені
Ш.Уәлихановтың мемориалдық кешені 1985 жылы Алтынемел баурайында ұлы ғалымның туғанына 150 жыл толу құрметіне ашылды.Мемориалдық кешен ғалымның бейітінеқойылған құлпытастан, ескерткіштен, музейден, қонақүйден және хауызды алаңнан тұрады. Ансамбольдің басты ғимараты-Ш.Уәлихановтың ғылыми-шығармашылық мұрасын бейнелейтін музей үйі. Музей үйінің сыртқы пішіні қазақ халқының мемориалды архитектурасының дәстүрінен («төрт құлақ») туындаса, ішкі кеңістігі киіз үйді, жолаушының шатырын елестетеді. Ш.Уәлихановтың мемориалдық кешенінің жобасы 1987 жылы Софияда өткен «Интерарх» халықаралық байқауында 2 орын алып, күміс медальға ие болды.
Орбұлақ шайқасы болған жер
Орбұлақ шайқасы-қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы алғашқы бетбұрысты оқиға. Бұл соғыс 1643 жылдың жазында қазақ қолын басқарған Жәңгір сұлтан мен жоңғар қолын басқарған Батыр қонтайшы арасында өтеді. Жәңгір жоңғарлардың жолын кесу үшін білтелі мылтықпен қаруланған 600 сарбазбен қарсы аттанады. Әлемдік соғыс өнерінің жылнамасына енуге лайық Орбұлақ шайқасында осы 600 қазақ сарбазы 50 мың жоңғар қолын тас-талқан етіп жеңеді.
Айғайқұм
Алматы облысындағы табиғат ескерткіштерінің бірі — Айғайқұм. Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Басши ауылының аумағында, Үлкен және Кіші Қалқан тау сілемдерінің алты жерінде кездеседі әрі ТМД елдері аумағында ең үлкені болып табылады. Өте майда желдің өтінде қолдың қырындай болып шығыстан батысқа қарай созылып жатыр. Құмды төбенің биіктігі – 150 м, ұзындығы – 8 км, ені – 3 км. Айғайқұм кез келген уақытта ән сала бермейді. Шілденің шіліңгір ыстығында үнсіз жатқан Айғайқұмға жеткен жел лезде үдеп, Айғайқұмның екі шетіндегі Үлкен және Кіші қалқандарға соғылып, еркелеп өтетіндей көрінеді. Жетісу құмды тауының ерекшелігі – құрғақ күндері реактивті ұшақ үніне ұқсас әндете алуында және қалпын өзгертпей,басқа орынға көшпей, бір жерде ұстап тұруында. Құрғақ күндері әуенді дыбыс шығып, оның әуені бірнеше шақырымға жайылып, алыстан да естіліп тұрады. Кейбір пікірлерге сүйенсек, құмның ұсақ бөлшектері бір-біріне үйкелген кезде осындай әуенді дыбыс шығады екен: жеңіл самал жел шиқылдаған дыбыстар шығарса, қатты жел орган дыбысына ұқсас әуен шығады. Алайда желсіз күнде де құмның әуенін тыңдауға болады.
АЛАКӨЛ – табиғат ескерткіші. Алакөл көлі Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарының шегарасында, жартылай шөлейт аймақта,теңіз деңгейінен 347 м биіктікте орналасқан. Оған 15-тен аса сала келіп құяды. Сасықкөл,Ұялы,Жалаңашкөл және басқа да біршама кіші көлдермен бірініп, Алакөл көлінің жүйесін құрайды. Көлдің аумағы – 2696 шаршы км, судың көлемі – 58,5 км3,ұзындығы – 104 км, ені – 52 км, орташа тереңдігі – 22 м, неғұрлым терең тұстары – 54 м, жағалау жиегінің ұзындығы – 348 км.
Көлдің орталық бөілігінде үш аралдан тұратын архипелаг бар, онда 1998 жылы Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы құрылды. Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы Алакөл аралдарындағы сирек кездесетін жануарларды сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылған. Аумағы – 65672 га. Қорықтың аумағы 12 телімге бөлінген. Қорықта өте сирек кездесетін реликті шағала ұя салып, балапан өрбітеді. Қорық аумағындағы аралдар құстардың топталып ұя салуына өте қолайлы. Сондықтан да қорықты нағыз «құс базары» деп атауға болады. Қорық жануарлар дүниесіне бай. Мұнда балықтардың 17, қосмекенділердің 2, бауырымен жорғалаушылардың 14, құстардың 269 және сүтқоректілердің 33 түрі кездеседі. Қорықта жеті тақырыптық жоба бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Алакөл қорығының туризмді дамытудағы маңызы зор.
«Алтын емел» ұлттық табиғи паркі – табиғат ескерткіші. Ұлттық парк Кербұлақ ауданының аумағында 1996 жылы ұйымдастырылған. Алматы қаласынан 300 км жердегі жабайы табиғатты сүйетіндерге жер үстіндегі жұмақ ашылып – оң жағалаудағы Іле өзенімен Қапшағай суқоймасынан жоғары орналасқан «Алтын-Емел» ұлттық паркі. Бұл мекен бай және ежелгі тарихымен, сақ мәдениетінің ескерткіштерімен құпиялы болып келеді. Саябақтың аймағында ежелгі керуен жолдары өтіп, қазақ хандарының орындары, Бесшатыр моласы (б.э.д. 3-4 ғасырда), ежелгі таулы суреттері, әуенді фонтаны, Қалқанның Үлкен және Кіші таулары, Қаратау және Ақтау тауларының айлы ландшафтары бар “Шолақ” тауы орналасқан.
Белгілі “Әуенді бархан” құмды тауының биіктігі 120 метр және шамамен 3 км ұзындығы саябақтың бір бұрышында өзеннен бірнеше километрде немесе Үлкен және Кіші Қалқан таулары арасында орналасады. Бұл құмды тау ұсақ таза құмнан, желі болғанда тау “ән” салып, даусы бірнеше километрге жетеді және органның даусын еске түсіреді.
Әуенді барханды барып, үш биіктіктің біріне көтерілгенді жақсы көретін туристтер Іле Алатауының жотасы көрінісін көре алады. Егер тау дыбыс білдірмесе, келушілер “дыбыс шығаратын”. Ол үшін таудың бағытымен жүгіру қажет. Аяқ астындағы құмды қозғалтып, гуілдеу жүреді. Кейде бархан дыбыстарды білдіруден басқа жерсілкініс әсерін көрсетіп, дірілдейді. Әнші бархан Іле өзенінің құмынан пайда болды.Екі бағытта да өзенде көзге көрінбейтін Барханның өзіндік құйрықтары тартылуда. Үлкен және Кіші қалқанның бір-біріне желдің әсерінен құмның тас жоталарға соғылып, қоныстануына байланысты қалыптасады. Көптеген ғасырлар мен ғасырлар бойы қуатты құм тау көтерілді, ол шамамен 3-5 мың жыл бойы қозғалыссыз қалады. Барханның биіктігі сол аймаққа белгілі, әрдайым өзгеріп тұратын климатқа, сондай-ақ жауын-шашын мөлшеріне, Іле өзеніндегі су деңгейіне және су астындағы таулардың ағып кетуіне байланысты.
Аңырақай шайқасына арналған есерткіш – саяси, тарихи оқиғаларға байланысты қасиетті орын – Алматы облысы, Қарасай ауданы,Шамалған ауылының маңындағы төбе басына орнатылған. Жоңғар шапқыншылығы заманында ата-мекенді жаудан қорғап, бабаларымыздың қаны төгілген жерлердің бірі – Аңырақай шайқасындағы жеңістің құрметіне арналған екі тас стела – жаумен болған теке-тіресті және зарыға күткен азаттықты бейнелейді. Төбенің басына шығарар баспалдақ басталар жерде гранит тастағы жазуда қазақ халқының тәуелсіздік үшін күрестегі ерлігі туралы баяндалады. Аңырақай шайқасындағы жеңістің құрметіне Алматы облысы аумағында тағы да бірнеше ескерткіш-белгі орнатылған. Атап айтсақ, ондай белгілер Алакөл ауданы, Ақжар ауылдық округінде, Жамбыл ауданы, Еспе ауылы маңында бар.
Әзірлеген Алтынбек Бекнұр.