Англия чемпионатында 67 жылдан бері болмаған жағдай болды, деп хабарлады Prosports.kz.

Кеше «Ливерпуль» АПЛ-дің 4-турында «Астон Вилладан» 2:7 есебімен жеңілген болатын. Осылайша, команда ұзақ уақыттан бері Англия чемпионы ретінде 7 гол жіберген алғашқы клуб атанды. Мұндай жағдай соңғы рет 1953 жылы болған. Ол кезде ел чемпионы «Арсенал» «Сандерлендтен» 1:7 есебімен жеңілген еді.

Айта кетейік, кешегі ойында «Ливерпуль» сапында Мохамед Салах дубль жасаған. Ал «Астон Вилла» құрамында Олли Уоткинс хет-трик жасаса, Джек Грилиш дубль авторы атанған, Джон Макгинн мен Росс Баркли бір голдан соққан болатын.

Бөлісу: