Ауыл партиясынан кімдер депутат атанды

2023 жылғы 27 наурызда «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Саяси кеңесінің Президиум отырысы өтті, деп хабарлайды dasturkb.kz. 

Партияның Жарғысына сәйкес жиында 2023 жылғы 19 наруызда өткен Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы нәтижесінде алған 8 депутаттық мандат иелері анықталып, бекітілді.

«Қазақстан Республикасы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы заңы 97-1 бабының 5-тармағына және «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы Жарғысының 44-тармағына сәйкес, «Ауыл» ХДПП Саяси кеңесі Призидумының қаулысымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына келесі азаматтар бекітілді:

  1. Дайрабаев Жигули Молдақалықұлы, партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП төраға орынбасары, Қазақстан фермерлері қауымдастығының басқарма төрағасы
  2. Егізбаев Серік Рахметоллаұлы, партия мүшесі, ауыл шаруашылығы, ақпарат және қоғамдық даму экс вице-министрі
  3. Абден Қарақат Жақсылыққызы, партия мүшесі, «Қазақ қызы» ҚБ президенті (әйелдер квотасына сәйкес)
  4. Баққожаев Анас Ахатұлы, партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП төраға орынбасары
  5. Саурықов Ерболат Байұзақұлы, партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП Жамбыл облысындағы өңірлік филиалының төрағасы, Ш.Мұртаза ат. Тараз халықаралық инновация институтының президенті
  6. Арсютин Николай Геннадьевич, партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП төрағасының орынбасары
  7. Зейнуллин Аян Талғатұлы, партия мүшесі, «СПК Астана» ӨК өндіріс бойынша директоры (жастар квотасына сәйкес)
  8. Серіков Таңсауле Ғабдыманапұлы, партия мүшесі, С.Сейфуллин ат. ҚазАТУ оқытушысы (инклюзивті қоғам мүшелерінің квотасына сәйкес)

Топта әйелдер, жастар және мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше назар аударылды. ҚР Орталық сайлау комиссиясы жариялаған сайлау қорытындысы бойынша «Ауыл» ХДПП 10,9 пайызға ие болып, кандидаттар ҚР Парламенті Мәжілісіне өтті.

Бөлісу: