Бүгінгі күні Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округіне қарасты Шұбараласай шағын өзеніндегі «Бұқа» бөгеті 4 миллион текше метрден астам суды еш қажетсіз тіреп, су айдынын батпаққа, бөгеттің төменгі жағын құрғақшылықа айналдырып Ойыл өзенінің су қорының азайуына душар қылып Ойыл өзенінің бастауында экологиялық теріс ахуал қалыптастырып жатыр.
Сонымен қатар Ойыл өзенінің төменгі саласында орналасқан тұрғындардың су пайдалау құқығына нұқсан келтіріп отыр. (Ойыл өзенінің 2019-2021 жылдары өзеннің 280 км артық төменгі арнасының құрғап қалуы).
Бұқа бөгетіне иелік қылып отырған «Талдысай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (Бұқа бөгетінің иесі 2010-2021 жылдары «Арман-М» ШҚ «Ақтөбе облыстық мәслихат депутаты» Қазбек Алишев) бөгетті қолдана отырып арнайы су пайдалану рұқсатын алған жағдайда қажетті судан артығын Ойыл өзеніне жіберген болар еді.
Осы айтылғандарды ескере отырып, аталған мекеменің Қазақстан Республикасының Су Кодексінің талаптарын өрескел бұзып, Арнайы Су пайдалану рұқсатын алмай қажетті мақсаттағы судан жүздеген есе артық суды тіреп, Ойыл өзеніне экологиялық зардап келтіріп, оның су қорына теріс әсер етіп, Ойылдың төменгі саласындағы адамдардың суға деген тең құқылығын бұзып отырғанына байланысты сіздерге Ойыл өзені бассейні алқабында орналасқан Мұғалжар, Темір, Ойыл, Қобда және Атырау облысы, Қызылқоға аудандарының халқының жан айқайын жеткізгім келеді.
Дәлелдер:
«Бұқа» бөгеті тіреп тұрған су қоймасын Талдысай ауылының төрт тұлік малдары пайдаланады деген жергілікті атқарушы органдардың сөздері шындыққа жанаспайды. Неге десеңіз:
- 1. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 шілдедегі № 73 шешіміне 4 қосымша:
Талдысай ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған жоспарға 4 қосымша |
Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру арналарына, құбырлы немесе шахта құдықтарына) қол жеткізу схемасы.
Аудандық мәслихаттың шешімі аудан көлемінде орындалуға міндетті екенін ескерсек Талдысай ауылының су көзі ауыл ішінде екені анық көрінеді. Талдысай ауылының малының су көзі ретінде Бұқа бөгеті көрсетілмеген.
- 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министірлігі, Республикалық су комитетінің басшысының орныбасары Досбол Боташұлы Бекмағамбетов басшылығымен комиссия құрылып 13-18 мамыр 2021 жылы Ойыл өзені бассейні бойынша 57 бөгеттер анықтап 10 бет анықтама жазылды. 2021 жылдың мамыр айында комиссия мүшелеріне «Арман-М» ШҚ иесі Қ.Алишев «біз малымызға өзіміздің скважинамыздың суын пайдаланамыз, бөгетке ешқандай қатынасымыз жоқ» — деді.
- 3. Космостық түсірілімдер бойынша Бұқа бөгеті 2003, 2008 жылдары жырылған, су тіреу қабілеті болмаған. Талдысай аулының малы сусыз қалған жоқ. Талдысай ауылының халқы малдарын Бұқа бөгетінен суармайды. 2012 жылы бөгеттің жырылған жері жамалып бөгет су тіреп тұр. 2010 жылы «Арман-М» ШҚ бөгет орналасқан жерді иемденіп, бөгетті осы шаруашылық бітеді. Бұқа бөгетінің иесі «Ақтөбе облыстық мәслихат депутаты» Қазбек Алишев Су Кодексі, Экологиялық Кодекс, Әкімшілік Кодекс т.б. Қазақстан Респубикасының Заңдарын өрескел бұзып отыр емес пе?
«Арман-М» ШҚ төрағасы Қазбек Алишев Су Кодексі бойынша бұлақтарды бөгеуге болмайды деген баптарын және Ақтөбе облысының әкімінің бұйрығын орындамай отыр. Бұлақ, өзен сулары ластанбау үшін үй, қора салғанда жағалауынан 500 метр әрі салыну керек.
2010 – 2021 жылдары Су Кодексі, Экологиялық Кодекс, Әкімшілік Кодекс т.б. Қазақстан Респубикасының Заңдарын өрескел бұзып Президентке, Сенатқа, Үкіметке бағынбай келген, тәрбие көрмеген, тәубесіне келмеген Бұқа бөгетінің иесі «Арман-М» ШҚ төрағасы, «Ақтөбе облыстық мәслихат депутаты» Қазбек Алишев Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісне өтіп келсе Президент Жолдауында айтқан Жаңа, Әділетті Қазақстан Респуликасын орнатуға ат салысады деп ойлайсыз ба?
Заңды осы уақытқа дейін өрескел бұзып келген адам, қазақ халқына пайдасы бар Заң шығарады деп ойламаймыз.
2019-2023 жылдардан бері 800 шақырым Ойыл өзенін және Ойыл өзеніне құятын 60 ұсақ, шағын өзендерді, мыңдаған бұлақтарды экологиялық апаттан құтқару мәселесімен айналысып келе жатқан Ойыл өзені бассейні алқабында орналасқан Мұғалжар, Темір, Ойыл, Қобда және Атырау облысы, Қызылқоға аудандарының халқы Қазбек Алишевтің Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісне өтуіне қарсы екенін ескеріп Президент, Сенат, Үкімет және Ақтөбе облысының халқы бізге қолдау білдіруін өтінеміз.
Арыз жазушылар:
- Нұрлан Есенғазы 87014552854,
- Есенбай Нұров 87056470663,
- Серік Қартбаев 87057130626,
- Бисенбай Нысанбаев 87775061194,
- Сәрсенбай Дузбанов 87715195777,
- Есбол Мәулениязов 87012381472,
- Мінсізбай Жайлыбаев 87026326556,
- Аманорман Алтыбаев 87712909134,
- Аманғали Өмірғалиев 87012470767,
- Еркін Жұмағалиев 87017522616,
- Серік Қуатбаев 87770766380,
- Ұлан Шыңбаев 87025692561,
- Идош Асқар 87011267669,
- Арыстан Аймағамбетұлы 87052325647,
- Т.Б.
03.03.2023 жыл.