Дзюдодан әлемдік «Grand Slam» жарысына қатысатын спортшылар белгілі болды

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Парижде (Франция) өтетін әлемдік Grand Slam жарысына қатысады, деп хабарлайды dasturkb.kz Қазақстан дзюдо федерациясына сілтеме жасап.  

Франция астанасы Париж қаласында 4-5 ақпан күндері дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысы өтеді. Аталған жарысқа әлемнің 85 елінен келген 500-ден астам балуан бақ сынайды.

Халықаралық жарысқа еліміздің атынан 14 салмақта 28 дзюдошы татами төрінде тайталасқа түседі.

Ерлер:

60 келі: Мағжан Шамшадин, Нұрқанат Серікбаев

66 келі: Есет Қуанов, Ғұсман Қырғызбаев

73 келі: Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев

81 келі: Мадияр Сембаев, Абылайхан Жұбаназар

90 келі: Дидар Хамза, Айдар Арапов

100 келіге дейін: Нұрлыхан Шархан, Бекарыс Сәдуақас

100 келіден жоғары: Жамбыл Тұрғыналиев, Әділ Оразбаев

Әйелдер:

48 келі: Абиба Абужақынова, Ғалия Тынбаева

52 келі: Әйгерім Әбілқадірова, Толғанай Әбеуова

57 келі: Дана Әбдірова, Дана Құсақбаева

63 келі: Есмигүл Куюлова, Самалай Ерғалиева

70 келі: Анастасия Маякова, Анастасия Морозова

78 келіге дейін: Аруна Жангелдина, Назерке Тілеуханова

78 келіден жоғары: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова.

Бөлісу: