Дәулет Тұрлыхановтың ұлы сот алдында жауап беретін болды

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасылға қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды dasturkb.kz порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Алматылық адвокаттарды соққыға жықты деген Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты тергеу аяқталды.

Қылмыстық іс енді сотқа жолданады.

Тергеушілер Дәулет Тұрлыхановтың баласының кінәсін дәлелдей алды.

Жедел-тергеу шаралары барысында Н.Д. Болаттың кінәсі дәлелденді. ҚР ҚК 107-бабы, 2-бөлігі бойынша денсаулыққа орташа дәрежеде зиян келтіру дерегіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір аталған іс аяқталып, сот процесіне қатысушыларға танысу үшін жіберілді. Ол Әскери бөлім қолбасшылығы бақылауында болады. Себебі Н.Д. Болат мерзімді қызметтің әскери қызметшісі, — деді ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы басщысы Мұхит Джавгашев.

Әскери-тергеу басқармасының мәліметінше, қатардағы жауынгер Нұрасыл Болат жанжал болған күні әскери жарғыны бұзып, қалаға қашып кеткен.

Еске салсақ, бұған дейін ерлі-зайыпты заңгерлер Олег Чернов пен Анна Димитриевичті ұрып-соғу бойынша қозғалған қылмыстық іс халық назарын аударған болатын. Оқиға 2023 жылғы 10-11 ақпанға қараған түні Алматыда болған. Заңгерлерді шабуыл жасаған ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыхановтың ұлы, қатардағы жауынгер, 20 жасар Нұрасыл Болат екені анықталды.

Бөлісу: