Тұрақсыздық бұл – қақтығыс, қантөгіс, жүздеген мың адамның қайғысы, – деді президент.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі тұрақтылық пен тыныштықты бұзуға үндейтін адамдар қатаң жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді, деп жазады Ернұр.кз Sputnik сілтеме жасап.
«Біз елдегі тұрақтылықты мақтаныш етеміз. Шынымен де, тұрақсыздық бұл – қақтығыс, қантөгіс, жүздеген мың адамның қайғысы. Сол себепті біз елдегі тұрақтылық пен тәртіпті бұзуға шақыратын жауапсыз адамдарды, заңға және халықаралық міндеттемелерге сәйкес, қатаң жауапқа тартамыз», – деп ескертті Тоқаев ҚХА-ның 29-шы сессиясында.
Айта кетсек, бүгін астанада тұңғыш президент, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті.
Кезекті сессиясының күн тақырыбы «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» деп аталды.
Жиын барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді.
Елбасы ҚХА төрағалығын президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды. Сессия соңында Тоқаев Назарбаевқа ҚХА-ның құрметті төрағасы болуды ұсынды.