*Жолдауға – қолдау

 Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – «100 нақты қадам», «Рухани жаңғыру», «Мәңгілік ел» бағдарламаларының жаңаша жалғасы. Бұлардың барлығы Қазақстанның ең әуелі өзінің рухани тұтастығын, экономикалық бет-бейнесін, саяси әлеуметтік болмысын тәуелсіз ел ретінде сақтап қалуына мүмкіндік беретін негізгі критерийлер. Президенттің  Жолдаудағы тапсырмалары мен  міндеттері Қазақстанның әлемдік кеңістіктегі тәуелсіз ұлттық мемлекет ретінде тұрақтануына жол ашатынына сенім мол.

Осы орайда жері шұрайлы Жетісудың жыры шырайлы шайырларының бірі – Тұрсынғазы Медетбековтің тәуелсіздікке дейін және егемендік жылдары ел экономикасы мен әдебиетінің дамуына қосқан үлесіне тоқталсақ дейміз.
Уақыт талабына сай партия, кеңес, комсомол орган­дарында бірінші басшы болып  қызмет атқарған мемлекетшіл азамат Тұрсынғазы Медетбеков Ал­маты Зооветеринарлық инсти­тутын бітірісімен еңбек жолын өз мамандығы бойынша зоотехник болудан бастады. Көп оқып, көп із­денудің нәтижесінде өзіне тап­сырылған міндетті іскер­лікпен атқара білді. Аудандағы құра­ма жем зауытын, құю цехын, тағы да басқа жем-шөп цехтарын салуға тікелей мұрындық болды. Екінші хатшы болып, қызмет атқарған жеті жыл ішінде Қаратал өңірінде құрылыс саласы ерекше қарқын алды. Бес орта мек­­теп салынды. Сонымен қатар, Бірлік, Қалпе, Үштөбе, тағы да басқа елді мекен­дерде барлығы 8 балалар бақшасы, үш Мәдениет үйі пайдалануға берілді.

Тұрсынғазы Медетбеков 1991 жылы еліміз егемендік алып, демократия қалыптаса бастаған шақта баламалық тәсілмен Қапал аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайла­нды. Тәуелсіз елдің алғашқы іс-әрекеттерінің пәрменді болуына, берік негіз қалануына үлес қосады. Мұнан соң, Қапал аудандық кеңе­сінің төрағасы, Талдықорған облысы әкімінің орынбасары – мем­­лекеттік мүлік жөніндегі облыс­­тық комитетінің төрағасы қызметтерін ойдағыдай атқарды.

Сан-салалы қызметтің құлағын ұстап жүрсе де, ара-арасында кітап оқуға, қолына қалам алып, ойына түскен құнды дүниелерді қойын дәптеріне түсіріп қоюға уақыт таба білді. Тұрсынғазының бірнеше қойын дәптері бар. Ертеректе, бұдан отыз шақты жыл бұрын арнапты. Олардың іші еліміздің көрнекті және танымал талантты ақындарының өлеңдеріне толы. Халқымыздың біртуар ақындары Қасым Аманжоловтың, Мұқағали Мақатаевтың, Төлеген Айбергеновтың, Қадыр Мырза Әлидің өлеңдерін осы қойын дәптерден ұшыраттық. Өзі тұрғылас ақындар Айтақын Әбдіқалықов, Есенқұл Жақыпбеков және осы жолдар авторының бір топ жырларын да кездестірдік.

Тұрсынғазы Медетбековтің ұзақ жылғы жазған жырлары мен жазбалары «Желдіқара жаңғырығы» (2006 ж.), «Қайран Кербез» (2009 ж.), «Бесшағыл» (2013 ж.), «Алып тұлға байсалды…» (2015 ж.) кітап­тарында жарық көрді.
Ке­зінде қажырлылықпен тер төккен Алматы облысы Қаратал және Көксу аудандарының «Құрметті азаматы»…

Бүгінде ақсақалдық жасқа жеткен маңғаз Медетбеков үйреншікті дағдысы бойынша, газет-журналдарды жібермей оқиды. Президент Жолдауын түгел оқып шықты. Айтар ойы мен ұсынысы да жоқ емес. «Бірінші байлық – денсаулық» демекші, әңгімені медицина саласынан бастады.

Жолдаудағы «Бөлінген қаражат Қазақстан халқының денсаулығын нығайтуға, коронавирус екпесінен бөлек жоспарлы екпе салуға жұмсалуы тиіс. Сонымен бірге отандық дәрі-дәрімек пен медициналық құрал-жабдықтардың үлесін 50 пайызға жеткізу керек», – деген  Мемлекет басшысының тапсырмасын негізге ала отырып, еліміздегі дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтың 17 пайызы ғана – отандық өнім екенін, алдағы уақыттарда олардың санын арттыру жөніндегі президенттік міндетті қолдайтынын жеткізді…

Елімізде жаппай екпе салу жүріп жатқанымен, әлі де оған қарсы адамдардың бар екенін, олар өздері бастартып қана қоймай, жұртшылықты  кері үгіттеп жүргенін де жасырған жоқ.

Туған елін ту еткен азамат осындай болса керек.

 

Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ,
«Қазақстанның құрметті журналисі».

 

 

Бөлісу: