500 мың теңге. Түркістанда 3 бөлмелі тұрғын үйді жалға алу бағасы осынша сомаға көтеріліп кеткен. Орта деңгейдегі аудандарда 150 мен 200 мыңның аралығы. Ал 2 бөлмелі пәтердің құны рухани астанада 12-13 миллионның айналасы. Баға неден ұшты? Елдегі ипотекалық бағдарламалардың жабылуы баспана нарығына қалай әсер етеді? Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.
Үйің жоқ болса, күйің де шамалы. Тиыннан тебен құрап, жинайсың-ау, бірақ сол баспана үшін қай бағдарлама тиімді дегенге келгенде тағы да басың қатады. Үстемесі көп болса да, халықтың қалтасына салмақ түсірмей тұрғаны әзірге екеу: «Баспана хит» пен «7-20-25». Бірақ бұлардың да ғұмыры ұзаққа созылмайын деп тұр.
АЙБАР ОЛЖАЙ, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ» СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МЕНЕДЖЕРІ «Баспана хит» бағдарламасының әу бастан өзі 2018 жылы жұмысын бастаған. Сол кезде белгіленген лимиті 600 млрд тегені игеру болатын. Сол тапсырмасы орындалып біткеннен кейін баспана өзінің белгіленген шегі бойынша жабылады. 600 млрдың ішінде 500-млрд-тан астам сомасы қазір игерілді».
«7-20-25»- ке де тиесілі 1 триллион теңгенің 325 млрд-ы қазір игеріліп қойған. Сондықтан мұның да лимиті алдағы 1-2 жылда аяқталуы әбден мүмкін. Бағдарлама жұмысын тамамдаған соң Ұлттық банк те қаржыландыруды тоқтатады.
АЙБАР ОЛЖАЙ, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ» СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МЕНЕДЖЕРІ: «Біздің ипотека нарығы жақсы өсті. Жалпы тұрғын үй нарығы ондағы жүріп жатқан келісімшарттар, сатып-алу сату шарттары көбейіп жатыр. Мұның ішінде «Баспана хит» бағдарламасының керемет үлкен үлесі бар деп айтуға келмейді. Банктер бар олар да өздерінің бағдарламаларын жүзеге асырып беріп жатыр».
Яғни, ел ішіндегі ең танымал деген тұрғын үй бағдарламаларының жабылуы баспана нарығына әсер етуі екталай.
ҰЛАН ДӘУЛЕТҚАЛИ, БАСПАНА БОЙЫНША КЕҢЕСШІ: «Үйдің бағасы бағдарлама бар-жоқтығына байланысты емес. Бағдарлама бар-жоқтығы тек қана берілетін ипотекалардың санына ғана байланысты да. Үйдің бағасы арзандайды. Тек қана бірінші нарықтағы үйдің бағасы арзандаған кезде. Немесе сұраныс азайған кезде».
Сұраныстың көкесі қазір рухани астанамыз Түркістанда. Шаһар облыс статусын иеленіп, туристік тұрғыда тартымды қалаға айналғалы баға аспандап кеткен.
Сатылымдағы тұрғын үйлерден бөлек, пәтерді жалға алу құны да көкке ұшып тұр. 3 бөлмелі үйді бір айға жалға алу кемі 200 бен 500 мың аралығында.
Бұл Түркістанда. Ал, еліміздің бас шаһарларындағы ахуал тұрақты. Жыл басында зейнетақы қорындағы жинаққа пәтер алуға мүмкіндік берілгенде баға шарықтап кеткен болатын. Сол кезде мамандар науқан аяқталған соң бәрі қалпына келеді деп те болжады. Алайда, әлі өзгеріс байқалмайды. Нарық өз дегенін істеуде. Дегенмен, қымбатшылық қос бүйірден қысып тұрғанда баға арзандайды деп уақыт созу бос әурешілік, дейді сарапшылар.
ДИНАРА ПЕРНЕБЕКҚЫЗЫ, РИЭЛТОР: «Үй керек болса, процентке де қарамайды. Қазір. Долевойға барсаңыз қазір, үй қалмайды. Барсаңыз, іздесеңіз, үй жоқ».