Этно-кешенде өткен «Музей түні»

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде 2019 жылдың 17 мамыр күні Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында 18- мамыр Халықаралық музейлер күніне орай «Өткеннің қазынасы — болашаққа» тақырыбында тарихи-танымдық кеш өтті. Шараның мақсаты: музей құндылықтарына деген халықтың ықыласын арттыру, қатысушылардың ұлттық сана – сезімін қалыптастыру, жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру және адам өмірінде және қоғамда музейдің алар орнының маңыздылығын түсіндіру болып табылады.

Мерекелік  шараға  ҚР   Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі Мақсат Арғынбеков, «Қазқайтажаңарту» кәсіпорны директоры Асылхан Садуов, Отырар ауданы әкімі Ерлан Айтаханов, ақын Әселхан Қалыбекова жәнеАрдагерлер кеңесінің мүшелері, зиялы қауым өкілдері мен аудан қонақтары жәнетұрғындары қатысты.

Үрзия ЖҰМАБАЙКЫЗЫ

Мерекелік шараны мекеме директоры Е.Б.Тажибаев пен аудан әкімі Е.Қ.Айтаханов ашып берсе,археолог Н.О.Алдабергенов құттықтау сөз сөйледі.Мерекелік шара музей ауласындағы «Этно-кешенде» алтыбақан теуіп, ән салған ауыл жастарымен бастау алды. Қазақ халқының ХХ ғасырдағы тұрмыс- тіршілігін бейнелейтін ағаш иуу өнерінің шеберлері мен темір ұсталарының көрінісі, қолөнер шеберлерінің жүн өңдеу, жіп иіру, тоқыма тоқу өнерлері тамашалаушыларды тәнті ете түсті. Құмырашылардың құмыра жасау, оны күйдіру тәсілдері бойынша шеберлік — сабақтарын көрсетуі мерекелік кешті    қыздыра    түскен    сәттерінің    бірі болды. Ұлттық нақышта киінген музей қызметкерлері келі түю,  диірмен  тарту, күбі пісу, қамыр жаю, бауырсақ пісіру сияқты асханалық тіршіліктен көріністер берді. Сондай-ақ, қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығына қатысты түйе,  бие сауу секілді салт-дәстүріміздің айрықша ерекшеліктерін көрсететін бейнелер келушілерге ерекше әсер қалдырды. Қазақтың қыран құсы бүркіт мен құмай тазы және тауыс құстарының сұлулығы «Музей түнінің» ажарын аша түсті.

Музей қызметкері Нұрсейіт Әмзенің тарихқа байланысты қойған викториналық сұрақтары руханият әлемін бойға терең сіңіруге әсер етті. Шара соңында мекеме директоры Ерсін Ботабайұлы осындай ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрімізді жаңғыртуға, оны елімізге ғана емес әлемге танытуға, насихаттауға Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге асып жатқанын айта келе, сол кездегі министр Арыстанбек Мұхамедиұлына алғысын жеткізді. Сондай-ақ,  «Балалар  күніне» орай балаларға арналған анимациялық мултьфильмдер көрсетілетіндіген айтып, балаларды қуантып да қойды. Ғасырлар тереңінен сыр тартқан өлке тарихымен жете танысуға шақырған «Музей түні» мәдени шарасы ауызашарға ұласты.

Үрзия ЖҰМАБАЙКЫЗЫ

Бөлісу: