2018 жылы 5 қазанда Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланғаны баршамызға белгілі.
Осыған орай Жезқазған қаласы М.Әуезов атындағы кітапхана биылғы жылдың алғашқы іс шарасын «Ұлы даланың жеті қыры» атты 7 бөлімнен тұратын кітап көрмесін ұйымдастырып, шолу жасаудан бастады. Көрме бірнеше ондаған әдебиеттерден құралған. Президенттің бағдарламалық тармақтарына сәйкес, онда атқа міну мәдениетінің дамуы, ежелгі металлургия, шеберлердің бұйымдарындағы аң стилінің дамуы, Есік қорғанынан табылған көне ескерткіштер, Ұлы Жібек жолы туралы кітаптар қойылды. Көрмедегі Қазақстан алма пен қызғалдақ отаны деген бөлімінде: қолдан тоқылған қызғалдақ пен апорттың, Ұлы Жібек жолындағы түйелер керуені, Атқа міну мәдениеті бөлімінде тұлпардың мүсіні көрмеге айрықша көрік беріп тұрды. Түркі өркениетінің генезисі мен дамуында ата-бабаларымыздың атқарған рөліне арналған бөлім ерекше бөлінген. Қазақ халқында жеті – қасиетті сан. «Жеті атасын білмеген жетесіз», «жеті қазына», «жеті» саның қадірлеу көне заманнан басталғанын, Елбасы Н. Назарбаев жаңа мақаласында осы қасиетті жеті санын қолдана отырып, Ұлы даланың жеті қырын ерекше жеткізіп, сипаттағаны жөнінде шолу барысында айтып өтті. Мақаладағы Ұлы даланың жеті қырын кітапхана қызметкерлері, талдап, өз ұсыныстарын жеткізді.Талқылауды кітапхана ісінің болашақ жас мамандары «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болған мақаланың тарихи тұрғыда маңызды екендігін, халықтың арасында еліміздің терең тарихы мен мәдениетін кеңінен насихаттау екендігін атап өтті.Елбасы мақаласында айтылған ұсыныстарды қолдайтындарын және ондағы белгіленген тапсыр-маларды жүзеге асыруға белсенділік танытуға және биыл Жастар жылы екендігін тілге тиек етті.

Анар Махмутова,
М.Әуезов атындағы
кітапханасының меңгерушісі.

Бөлісу: