«Оқсыз оқиғасы» атты бұл туынды Түркістанда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының екі жылдығына орай түсірілген. Жаңа туындыда әлемге әйгілі ғұлама Әл-Фарабидің балалық шағы, білім мен жаңашылдыққа деген құлшынысы сипатталады.
Сондай-ақ, Қаратау мен Алатаудың түйіскен тұсында орын тепкен қасиетті Түлкібас ауданының орталығында орналасқан Шұбайқызыл шоқысында жылдағы дәстүрге сай «Ақсу-Жабағылының алауы, Шұбайқызылдың- жалауы!» аты қызғалдақтар фестивалінің өте бастауы да біз үшін үлкен мақтаныш. Фестиваль мақсаты: Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасына байланысты мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға, баршаны, оның ішінде жастарды табиғатты аялау, қорғау, сақтауға шақыру, сонымен қатар жаңақазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге белсене атсалысу болып табылады.
Ал, Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің мәдениет орталығында «Túrkіstan tórіnde» сырласу-сұхбаты өзгеше форматта өтті. «Бұл идеяның мақсаты – танымал руханият майталмандарымен Түркістанның мәдениеті, тарихы, жалпы қалың қазақтың, түркі әлемінің болашағы жөнінде ой қозғау, ақылдасу. Алдағы уақытта «Түркістан төрінде» жобасы ай сайын өткізіліп тұрады. Оған Қазақстанның және түркі әлемінің көрнекті ақын-жазушылары мен қоғам қайраткерлері, спорт және өнер жұлдыздары, кәсіпкерлері, айтаройы бар зиялы қауым өкілдері қатысып, жұртшылықпен кездеседі. Сондай-ақ, Түркістан облысының бір жылдығы мерекесі аясында 18 маусым күні «Төле би» телехикаясының тұсауы кесілді. Келген зиялы қауым мен жұртшылық фильмге жоғары баға берді.
«ТӘРБИЕ ЖӘНЕ БІЛІМ» КІШІ БАҒДАРЛАМАСЫ аясында облыстың білім беру мекемелерінде 798 жуық іс-шаралар өткізіліп, 467983 мыңнан астам оқушы мен 120 мыңнан астам студент қамтылды.
Облыстағы 905 жалпы білім беретін оқу орындарында 475 922 оқушы білім алуда. Мектептерде республикалық 18 жобамен қатар, облыстық Жобалық кеңсе бастамасымен «Абай даналығы», «Өнегелі бір сағат», «Лидер Reader», «Сіз тұратын көше», «Туған жерге туыңды тік», «Рухани жаңғыру дәрістері», «Әдеп пен әдет» жобаларының кешенді іс-шараларына жалпы 280 мыңнан астам оқушы қатысты. 2785 адамның қатысуымен, облыстық деңгейде 12 ісшара өткізілді. Олар: «Ұлы дала жеті қыры», «Б.Шойбековпен кездесу», «Қыз тарбиесі», «Ұлы спортшы Д.Хамза», «Жазушы Айсулу Қадырбаевамен кездесу», «Қасымхан Бегманов – Қазақстанның белгілі жазушымен кездесу», «Жеті түнде адастырмас темірқазық», «Тәрбие және білім» рухани жаңғыру бағдарламасы аясында атқарылатын жұмыстардың ерекшеліктері, «Ұлы дала» сурет көрмесі, «Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» конференциясы, «Қыз балаларды отбасы құндылықтарын жаңғырту негізінде тәрбиелеу», «Ұлт аралық конфессиялық келісім», «Lider- Rider» базалық бағытында 16 ауданда 804 мектептерде анықталған үздік оқырмандар алғыс хаттармен марапатталған.
2019 жылғы 1 – маусымда Түркістан қаласында «Шабыт» шеру өткізілді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Адам және табиғат» экологиялық эстафеталық фотокөрмесі 6 маусым күні облысымызда алғашқы рет ұйымдастырылды. Барлық 16 аудандарға «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына бағытталған мастер-класстар, семинарлар, дөңгелек үстелдер және консультациялар ұйымдастырылды. Облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің сұранысына сәйкес Түркістан облысының әр ауданда «Сақ» студиясының тарапынан түсірілгена «Отырарды қорғау», «Оқсыз оқиғасы», «Фараби» анимациялық филмдер, «Төлеби» көпсериялы көркем фильм оқушыларға көрсетілді.
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында 2019 жылдың 4-5 қаңтарда жалпы білім беретін пәндер бойынша қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарында өткен облыстық олимпиадасына 398 мектептен 1003 оқушы өздерінің білім деңгейін көрсетіп, сынға түсті.
Нәтижесінде, жалпы саны І орынды — 45 оқушы, ІІ орынды – 86 оқушы, ІІІ орынды – 129 оқушы жеңіп алды.
Пән олимпиадасының республикалық төртінші қорытынды кезеңіне Түркістан облысынан қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 32 оқушы, жаратылыстану- математикалық бағыт бойынша 37 оқушы қатысты.
2019 жылғы 28-30 қаңтарда өткен ХІҮ республикалық «Зерде» конкурсына қатысқан Түркістан облысының 19 оқушысы ең үздік жетістіктерге жетіп, шығармашылық білімдерінің жоғары деңгейін көрсетті. Республикалық «Зерде» конкурсы бойынша Түркістан облысының оқушылары 8 алтын, 3 күміс, 8 қола медальдерді жеңіп алды. 2019 жылғы 13-16 ақпанда өткен республикалық ғылыми жобалар конкурсында Түркістан облысының құрамасы ең үздік командалардың бірі болып танылды.
Ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында алғаш рет оқушылардың ғылыми жоба конкурсы онлайн режимде өткізілді. 16 облыстан және республикалық білім беру ұйымдарынан, Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан ғылыми жобалар конкурсына 811 оқушы қатысты. Түркістан облысынан 37 жобамен облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 55 оқушы бақ сынады. Ғылыми жоба конкурсының қорытындысы бойынша Түркістан облысының құрама командасы 4 алтын, 8 күміс, 12 қола медаль және 3 номинацияны жеңіп алды. Міне, бұл жетістіктер қаншама ұжымның мақсатты істерінің арқасы деп білеміз.
Сондай-ақ, ҚР ББМ-нің ұйымдастырыумен өткен «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын жандандыру» атты республикалық отырысының ұсынымдары мен облыстық білім басқармасының жоспар-тапсырмасына сәйкес облыстағы коллежд студенттерін СТАРТАП жобаларға тарту арқылы табысты азаматтарды қалыптастыру іске асыруда. Бүгінде 32 колледж студенті кәсіпкерлік мектебінде тәлім алып, колледждерде «Кәсіпкерлік негіздері курстары оқытылуда». Сонымен бірге, биылғы жылдан бастап Enactus Kazakstan бағдарламасын іске асыру жоспарланып, «50 табысты бизнес идея» жобасына білім алушыларды тартылды.
«Отаным тағдырым» базалық бағыты бойынша жалпы облысымызда «Менің Отаным – Қазақстан», «Жас ұлан», «Менің бастамам –менің еліме», «Жасөспірімдер қозғалыстары», «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ», «Балалар мен жасөспірімдер оркестрлік және ансамбль шеруі», «Менің бастауым — менің болашағым» шығармашылық жобаларының көрмесі өтсе, «Алтын адам» кіші жоба аясында туған өлкесінің тарихы мен мәдениетін оқып, білу мақсатында қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, география, музыка пәндерін мұражайларда кітапханаларда ұйымдастырылды.
Ал, «Дарындылар елі» кіші жобасы аясында «Рухани жаңғыру» – анимациялық мультфилімдер барлық 16 мектептерде көрсетіліп, 467983 оқушылары қамтылды. Сонымен қатар, «Қоғамдық ұйымдар және балалар мен жасөспірімдер қозғалысы дамуының ұлттық бағдарламасы» кіші жобасы негізінде әскери – спорттық ойындар өткізілсе, «Өрле Қазақстан» кіші жобасы аясында «Салауатты ұрпақ», «Балалар мен жасөспірімдер оркестрлік және ансамбль шеруі», «Ұлы дала тұлғалары», «Абай даналығы» әдеби оқуы, «Менің бастауым — менің болашағым» шығармашылық жобаларының көрмесі, атты байқау және «Мәңгілік ел болашағы – бүгінгі ұрпақ қолында» тақырыбында аймақтық практикалық семинар-кеңес болып өтті.. 2019 жылдың сәуірде Төлеби ауданы «Балдаурен» балалар демалыс орында «Ұлы дала жастары – Рухани жаңғыру жолында» атты Республикалық фестивалін өткізілді.
«Сөз тілдің көркі» кіші жобасы аясында әдеби тіл және тіл іс-шаралары барысында «Тіл – ұлттық қазына», «Жақсылар дастан – айтайын» байқауы, «Тұғырлы үш тіл – достықтың дәнекері», «Ақындар ізімен…» тақырыптық шаралар өтті.
«Тілі зордың – елі зор», «Сөз тілдің көркі» сияқты ісшаралар қолға алынса, «Отбасы әлемі» кіші жобасы аясында «Әжелер алқасы, «Аналар кеңесінің» жұмысын жандандыру мақсатында «Аналар тағылымы» атты аудандық форум өткізілді, «Ұл мен қыз ұлт намысы», «Дарынды ұрпақ – ел болашағы», «Отбасы – бақытты мекенім», «Мерейлі отбасы» тақырыптарында ата-аналармен жиналыстар, кездесулер, байқаулар жұртшылықты қуанышқа бөледі.
«Туған жер» және «Алтын адам» кіші жобасының шеңберінде озат оқушылар мен көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан оқушылар облысымыздың тарихи қалалары ауылдық округтер мен кенттерде орналасқан музейлерде, орталық кітапханаларда, киелі, тарихи-мәдени орындарда сабақтар және экскурсиялар жасалды. («Орталық мұражай», Түркістан қаласындағы Қ.А.Иассауи кесенесі, «Ақбура», Отырар ауданындағы Арыстан баб кесенесіне, «Смайл ата» кесенелері, «Нұх пайғамбар» монументіне саяхат, «Қарашаш- Ана», «Ибрахим Ата» т.б.).
«Ұлы дала тұлғалары» кіші жобасы аясында «Елімнің шежірелі байлығы», «Тарих мұрасы», «Ұлттық қазына», «Мұражай әлемі» атты мектептердегі мұражайлармен танысу форумы өткізілді.
«Саналы азамат» базалық бағыты бойынша жалпы облысымызда266 ісшара мынандай тақырыптарда аталып өтті: «Кітап – білім бұлағы» кіші жобасы аясында«Өлеңімді еліме арнаймын», «Ең үздік кітапханашы», «Абай даналығы», «Жақсы кітап – жан азығы», «Кітапхана — білім ордасы»,«Буккросинг»,«Дарындылар елі», «Үздік оқырман» әдеби байқаулары өткізілді ұйымдастырылып, шараға облыстағы барлық оқушылар белсенді қатысты. Облыс көлеміндегі 916 мектеп бойынша «Букроссинг» бұрышы ашылды, оқушылар көркем әдебиеттермен қамтылды және кітапханалар мультимедиялық құралдармен жабдықталды.
Ал, «Мамандықтар әлемі» кіші жобасы бойынша факультатив курстары және жергілікті жерден шыққан танымал тұлғалар мен табысты азаматтармен кездесулер ұйымдастырылса, «Салауатты ұрпақ» кіші жобасы аясында спорт түрлерінен жарыстар, спартакиадалар ұйымдастырылды. «Өрле Қазақстан!» кіші жобасы аясында оркестрлер мен ансамбльдердің шеруі өткізілді. «Театрдың ғажайып әлемі» кіші жобасы бойынша балабақша тәрбиеленушілері арасында өнерге, мәдениетке деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында сахналық қойылымдар қойылды.
«Менің бастауым – менің Отаным үшін» Аймақтық дөңгелек үстел, және «Менің ұсыныстарым – менің елім үшін» әлеуметтік жобаларды тыңдау шарасы өткізілді. «Менің тұңғыш Президентім» атты балалардың шығармашылық байқауы, «Кітап білім бұлағы» кіші жобасы аясында «Үздік оқырман отбасы» атты аудандық байқау өз мәресіне жетті.
«Сөз тілдің көркі» кіші жобасы аясында облысымызда «Абай даналығы» ісшарасының жоспары түзіліп, мектептерге «Абай даналығы» үйірмелер, «Дарынды ұрпақ – ел болашағы», «Абай бұрышы» жасалып, тақырыптық ісшаралармен 235250 бала қамтылды.
Сөйлеу мәдениеті, ортада өзін ұстау, әдептілік және этикет негіздерін ұғындыру мақсатында мектептерде «Әдеп және әдет» бетпе-бет алаңшасы құрылды.
«Табиғат бесігі» кіші жобасы аясында ғылыми зерттеулер, интелектуалды, экологиялық шаралар болып өтсе, «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» кіші жобасы негізінде оқушылардың өнертапқыштық және техникалық шығармашылық және жоғары технологиялық жобаларды іске асыру бойынша ісшаралар, байқаулар өткізілді.
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы аясында белгілі меценаттар, өнер иелері және т.б жеңімпаздарымен кездесулер тұрақты түрде ұйымдастырылып, қоғамдық орнындарда билбордтар, LED-экран арқылы «Рухани жаңғыру» аясындағы бейнероликтер көрсетілуде.
«Отбасы әлемі» кіші жобасы аясында «Ұл мен қыз ұлт намысы», «Ұядан ұшқан түлектер», «Отбасы тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтарды қалыптастыру жолдары», «Отбасы – бақытты мекенім», «Әжелер тәрбиесі», «Мерейлі отбасы» тақырыбында іс-шара жоспарына сәйкес барлық білім беру мекемелерінде тәрбие сағаттары мен ашық сабақтар, дөңгелек үстелдер өткізілсе, «Өлкетану» базалық бағыты бойынша жалпы облысымызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында Түркістан облысының білім басқармасының басшылығымен «Өлкетану», «Краеведение» оқулықтары әзірленіп, «Алматы кітап» баспасынан 2019 жылдың қаңтар айдан бастап білім беру мекемелерге оқулық таратылды.
«Өлкетану» курсы білім алушылардың туған өлкенің қалыптасуы мен дамуын кешенді сипаттайтын географиялық, тарихи, мәдени, табиғи және басқа да факторлар туралы білімдерін қалыптастыруға, туған өлкенің табиғатын аялауға бағытталған.
Өлкенің тарихы, географиясы, әдебиеті мен музыкасын кеңінен тану, зерттеу мақсатында 5-7 сыныптарға арналған «Өлкетану» оқулығы 89977 мың тиражбен дайындалып, жаңа 2018-2019 оқу жылына мектеп бағдарламасына енгізіледі, өз өлкесін тану мақсатында мұражайларда мұғалімдер зерттеу сабақтарын өткізуде. Мектептерде тарих және археология жөнінде үйірмелер жұмыс жасайды. Сондай-ақ, өлкетану пәні мұғалімдерінің конференциясында үздік өлкетану сабақтарының және видеосабақтар қорын жасақтау жөнінде шешім қабылданып, ұстаздар тәжірибе алмасуға мүмкіндігін алады. «Өз өлкеңді танып, біл!» атты жоба жасалып, оқушыларға өзінің туған өлкесі туралы нақты жұмыстар атқару үшін ғылыми бағыт-бағдар берілді.
Қорыта айтқанда, Түркістан облысындағы атқарылып жатқан руханият пен мәдениет істерінің барлығы мемлекет мүддесі мен халық игілігіне бағытталған мақсатты жұмыстар кешені.