Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары — Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Қазақстан өзбектерінің этномәдени бірлестіктері қауымдастығының өкілдерімен кездесу өткізді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ф.А. Қаратаев, «Дустлик» республикалық өзбек этномәдени бірлестігінің құрметті төрағасы Р.С. Халмурадов, Қазақстан өзбектері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы И.А. Хашимжанов, сондай-ақ өзбек этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен ақсақалдары, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы және оның құрылымдары өз қызметіндегі жаңа тәсілдерді қолдану, мемлекеттік тілдің біріктіруші рөлін арттыру және ҚХА жастар кадрлық резервін қалыптастыру нұсқалары, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің медиа-жұмысы талқыланды.
Өз кезегінде жиынға қатысушылар тұшымды ойларын ықшамдап ортаға салып өтті. Алдағы уақытта олардың барлығы құзырлы мемлекеттік органдарда пысықталып, ғылыми-сарапшылық алаңдарда талқыланатын болады.
Қазақстан өзбектері мемлекет басшысының Жаңа Қазақстанды құрудағы барлық азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі қадамдарын толық қолдайтынын және іске асыруда барынша қолдау көрсететінін атап өтті.
Өз кезегінде Марат Әзілханов «Дустлик» қауымдастығы өзбек этносының өкілдерін қазақстандық қоғамға біріктіру, оларды Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту процесіне тарту миссиясын жоғары деңгейде орындап жатқандығын атап өтті.