Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болды. «Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары қызметінен босатылсын» делінген хабарламада.
Мемлекет басшысының Жарлығымен берілген өтінішіне орай, Асқар Исабекұлы Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы ауысты. Бұл жайында Polisia.kz хабарлады.
Р Президент Әкімшілігінің келісуімен ҚР ішкі істер министрінің бұйрығымен Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы болып Жанат Қуанышұлы Сүлейменов тағайындалды. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жаңа бастықты жеке құрамға таныстырды. 1962 жылы туған Жанат Сүлейменов Ішкі істер министрлігінде 1980 жылдан бастап қызмет етеді.