Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Балалар мен жасөспірімдер кітапханасында сағат 18:00-де «Хәрри Поттер мен пәлсапа тас» кітабының таныстырылымы өтеді.

– Бұл кітапты тек мен редакциялауым керек. Бұлай деуіме себеп – ана сиқыр әлемінің тілі, Роулиңнің стилі және қазақ тілі арасындағы балансты сақтай алатыныма сенімді болдым.

Бастысы, жүз пайыз демейін, өзім де қазіргі қазақ тілінде сөйлейтін адаммын ғой, бірақ тоқсан пайыз калькасыз тілге өңдедім. Біздің буын үшін емес. Балаларымыз үшін. Солар оқысын деп… – дейді кітап редакторы Назгүл Қожабек.

Бөлісу: