Әлемдегі ғалым әйелдер саны 30 пайыздан асқан

Адам баласы ықылым заманнан бері ғылымға деген қызығушылығы дамымаса мүлдем тоқтамаған. Тас ғасырындағы отты ойлап табудың өзіде  заманына сәйкес «ғылымий жаңалық» болды. Ғылым  мәні –  ұлы шындықты іздеу. Ол адамды қызығуышылыққа итермелейді,  білімге құштарлықтан шабыттанып, ашылған жаңалықтардан нәр алады. Стереотиптерді бұзатын тұтас әлем. Ғылым тарихы біздің әлемді өзгерткен көптеген батыл ғалымдарды, ғылыми ойдың бастаушылары мен жаңашыл әйелдерді біледі. Олардың берік сенімі, табандылығы және ымырасыз табиғаты оларға тек интеллектуалдық ерекшелікпен салыстыруға болатын батылдық берді. Гендерлік теңдік саласындағы жетістіктердің арқасында ғалым – әйелдердің баға жетпес күш – жігері, олардың ғылым мен өмір заңдылықтарына, заманауи көзқарасқа қосқан орасан зор үлесі ақыры өздеріне лайықты бағасын алды.Ғылымда ерекше із қалдырған бес ғалымға тоқталсам.                                                                                                           Амелия Эрхарт –  Атлант мұхиты арқылы ұшқан алғашқы ұшқыш әйел. «Атлантиканың бірінші ханымы»  деген лақап аты болды. 1928 жылы 17 маусымда ол Атлант мұхитын әуе арқылы кесіп өтіп авиация саласында бірнеше әлемдік рекордтар орната алды. 1937 жылы ол әлемді айналып өтуге әрекет жасады.

Мэри Эннинг –  ғылым әрқашан көптеген адамдардың күш – жігерінің нәтижесі болса да, онда көптеген жаңалықтарды жасай алатын  бір адамдың  орне ерекше. Мэри Эннинг сондайлар  қатарында болды.Тизавр мен Птерозаврдың алғашқы қаңқаларын ашқан алғашқы әйел палеонтолог. Мэри британдық коллекционер және әуесқой палеонтолог, ол өзі өмір сүрген Лайма Регистегі қазбалардан табылған заттар арқылы полеантологияда негізінен юра дәуіріндегі теңіз фаунасы саласындағы бірқатар жаңалықтарымен бүкіл әлемге танымал болды. Оның жұмысы XIX  ғасырдың басында болған тарихқа дейінгі өмір мен Жер тарихының ғылыми түсінігінің түбегейлі өзгеруіне ықпал етті.

Софья Ковалевская – Ресейдегі және Солтүстік Еуропадағы алғашқы профессор әйел және әлемдегі бірінші әйелдер арсындағы математика профессоры. 1873 – 1874 жылдары атақты математик жаңа зерттеулермен айналыса бастады. Софьяның зерттеу тақырыбы «жеке дифференциалдық теңдеулер» болды. Бұл докторлық диссертация өзінің қарапайымдылығымен және дәлдігімен ғалымдарды таң қалдырды, кейін ол «Коши – Ковалевская теоремасы» деп аталды. Осы еңбегінің арқасында Софья Васильевна математика философиясының докторы және  өнер магистрі дәрежесіне ие болды.Әрине мұның бәрі қажымас еңбек,берік сенім нәтижесі.

Каролина Лукреция Гершель – кометаны алғашқы ашқан және бірінші астроном әйел. Кэролайнды қызықтырған бірінші нәрсе тұмандықтар болды. 1786 жылы Кэролайн Гершель мүлде жаңа комета ашты, бұл әйел ашқан алғашқы комета болды. 1798 жылы Кэролайн Гершель Лондон корольдік қоғамына өз жұмысын – Джон Фламстедтің жұлдыздар каталогындағы қателер тізімін және индексін ұсынды. Сонымен қатар, ол астроном назарынан тыс қалған 561 жұлдызды қамтитын жаңа каталог құрастырды.1822 жылға дейін ол тағы 7 комета мен бірнеше жаңа тұмандықтарды аша алды.1828 жылы ол Уильям Гершель ашқан 2500 тұмандық пен жұлдыз шоғырының каталогында жұмысты аяқтады.Каролин1828 жылы, ол 77 жаста Король астрономиялық қоғамының Алтын медалін алды, 1835 жылы сол қоғамның құрметті мүшесі болып сайланды.1838 жылы Кэролайн Гершель Ирландияның Корольдік ғылым академиясының құрметті мүшесі болып сайланды. 1846 жылы (95 жасында) оның марапаттары ақыры өзінің туған жері Германияда атап өтілді және ғылым үшін Пруссияның алтын медалімен марапатталды.

Мария Склодовская – Кюри –  Нобель сыйлығын алған алғашқы әйел және оны екі рет алған жалғыз әйел. Мария Кюри, физика –  химия саласындағы жаңа факторларды ашу үшін керемет жаңалықтар  жасаған әйел. Мари Кюридің өмірбаяны шынымен тамаша –  ол тарихта Нобель сыйлығын алған алғашқы әйел болды.Мария өмір сүрген жылдарды  әйелдерді кемсітіп, ғылымға мән бермегенін ескерсек, бұл үлкен жетістік еді. Оның үстіне физика және химия бойынша бір емес,  екі Нобель сыйлығын алды, осылайша тарихтағы алғашқы екі рет Нобель сыйлығының лауреаты атанды.Мария радиоактивтілікті ашқан, сонымен қатар осы  терминді енгізген. Кюри сәуле ауруымен ауырғанына қарамастан өмірі ұзақ болды, 66 жыл. Бұл оның  –  радиоактивті материалдармен жұмыс істегенде,төнетін қауіптілігі туралы бейхабар болғанымен байланысты.Оның ашқан жаңалықтары көптеген адамдардың өмірін сақтап қалды.Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін рентген аппараттарының арқасында көптеген жараланған жауынгерлер аман қалды.Мария Кюри екі Нобель сыйлығы үшін алынған сыйақысын түгелдерлік ғылмға арнады. Мария Кюри күйеуімен бірге екі жаңа химиялық элемент радий мен полонийді ашты. Біріншісін латын тіліндегі «радиус», яғни «сәуле» деген сөзге байланысты, ал екіншісін ғалымның отаны Польшаның құрметіне, яғни латын тілінен «Polonia» деп атауды ұйғарды.

UNESCO статистика институтының соңғы дерегі бойынша әлемдегі ғалым әйелдер саны 30 %-дан асқан. Бұл көрсеткіш жыл сайын артса да, ер адамдарға қарағанда әйелдердің ғылыми жолында кедергілер көп кездеседі екен. Әйел табиғатынан нәзік,көтерер жүгі ауыр етіп жаралған жан.Бірақ осы ғалымдардың өміріне назар аударсақ қаншама кедергі,қиындықтардан өтіп бүгінгі таң үшін баға жетпес жаңалықтарын мұра етіп қалдырды.

Д.Тауасарова, «Ұлы Дала Елі Орталығы» қызметкері

 

Бөлісу: