Бүгін Түркістан қаласындағы А.Яссауи атындағы Халықаралық университетте «GALAMSHAR ADEBIETI – GLOBAL LITERA» әдебиет және өнер альманах-журналының тұсаукесері өтті.

«GALAMSHAR ADEBIETI – GLOBAL LITERA» — әдебиет және өнер альманах-журналы – Әлем халықтары жазушылар одағының тұңғыш жеке басылымы. Одақ осыдан бес жыл бұрын, яғни 2014 жылдың 18 қыркүйегінде ақын, сазгер Қайрат Дүйсен-Парманның бастамасымен құрылған. Осы айтулы журналға дүниежүзінің  55 елінен  255 автордың туындысы енген.

«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЖАУҺАРЛАРЫ»  айдарымен Күлтегін, Тоныкөк ескерткіштеріндегі өлең жолдарынан бастап, Әбділда Тәжібаевқа дейінгі 14 автордың шығармасы жарық көрді. Ал бүгінгі қазақстандық 57 автордың түрлі жанрдағы еңбегі қазақ тілінде, бес автордың туындысы орыс тілінде, қалған 180 автордың өлеңдері мен шағын әңгімелері 18 тілде жарияланды.

Бөлісу: