Жеті саны. Түркі дүниесінде, мұсылман ғұрпында жеті саны құдіретті де киелі саналады.
ЖЕТІ КҮН – дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
ЖЕТІ ҚАРАҚШЫ – аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз. Жетіқарақшының 7 жарық жұлдызының сыртқы пішіні шөмішке ұқсайды. Темірқазық – осы шөміштің сабындағы соңғы және ең жарық жұлдыз. Жетіқарақшының ең жақсы көрінетін мезгілдері – наурыз, сәуір айлары.
ЖЕТІСУ – Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығыс бөлігін қамтитын тарихи-жағрафиялық аймақ. Тарихи деректемелер мен зерттеулерде Жетісу атын құрайтын 7 өзен туралы түрліше болжам бар (Қазақ Совет Энциклопедиясы, 4 т. 430, бет). Кейінгі болжам бойынша Жетісудың 7 өзеніне мыналарды жатқызады: Ақсу, Қаратал, Көксу, Лепсі, Іле, Шу, Тентек.
ЖЕТІ РУ – Кіші жүз құрамындағы тайпа: Кердері, Тілеу, Жағалбайлы, Рамазан, Табын, Тама және Керейіт рулары.
ЖЕТІ АТА – әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.
ЖЕТІ ҚАЗЫНА – Грек аңызы бойынша оған мыналарды жатқызамыз: Күн, Жер, Ай, Аспан, Су, От, Ит.
ЖЕТІ ҚАТ КӨКТЕГІ 7 саны «жеті жұлдызға» сәйкес келеді. Шығыс астрономиясы оларға Ай, Меркурий, Шолпан, Күн, Марс, Юпитер, Сатурнды жатқызады.
ЖЕТІ ЖЕТІМ – тыңдамаған сөз жетім, киюсіз тозған тон жетім, иесіз қлған жер жетім, басшысы жоқ ел жетім, аққу-қазсыз көз жетім, елінен айрылған ер жетім, замандасы қалмаған қарт жетім.
ЖҰТ ЖЕТІ АҒАЙЫНДЫ – құрғақшылық, оба, мал жұтауы, өрт, соғыс, сел, жер сілкінісі.
ЖЕТІ ЖАРҒЫ – ХҮІІІ ғасырдың басында Тәуке хан тұсындағы жазылған қазақтың әдет-құқықтық жинағы. Онда: жер дауы, мал дауы, жан дауы, жесір дауы, құн дауы, мүлік дауы және хандық пен билік мәселелері қамтылған.
ЖЕТІГЕН – қазақтың байыпғы шертпелі музыка аспабы. Ертедегі нұсқасы тұтас ағаштан астау тәрізді ойылып жасалған. Бетінде 7 қыл шегі бар. Содан жетіген аталған.
ЖЕТІ ҒАЛАМ – 7 саны негізгі жеті бағытты білдірген. Олар – дүниенің төрт бұрышы: Күншығыс, Күнбатысы, Түстік, Терістік. Аспан – Жоғары ғалам, Жер – Орта ғалам, Жер асты – Төменгі ғалам.
Тағы да оқыңыздар: https://dasturkb.kz/asietti-sh-sany/2021/
НОТА ЖЕТІ дыбыстан тұрады: до, ре, ми, фа, соль, ля, си.
Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауидің ксенесіндегі тайқазан жеті түрлі металдан құйылған.
7 санына байланысты жер бетінде жеті нәрсе жоқ деген пікірлер бар: Құста сүт жоқ, жылқыда өт жоқ, көлде көпір жоқ, тамда белбеу жоқ, аспанда тіреу жоқ, тауда саты жоқ, таста тамыр жоқ.
Мұхаммед жетінші Пайғамбарымыз.
Жер асты жеті қабат.
Жеті тамшы су – бір грамм.
Қазаның жетісін береді.
Құдайы жеті нан таратады.
Наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалады.
Баланың тісі жеті жасында түседі.
Жеті саны.