Елімізде Мұғалімдер күні енді 5 қазанда тойланады. Үкімет тиісті қаулы қабылдады, деп хабарлайды dasturkb.kz.
Мемлекеттік мерекелер тізіміне сәйкес республикада Мұғалімдер күні осы уақытқа дейін қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып келді. Енді бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елі атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді.
Оқу-ағарту министрлігінің дерегінше, бүгінде Қазақстанда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 556 мың педагог еңбек етеді.