Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлім Дәуренұлы Байел Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды dasturkb.kz.
Ә. Байел 1984 жылы туған. Таяу Шығыс техникалық университетінің (Анкара қ., Түркия) бакалавриатын «Бизнес-әкімшілік» мамандығы бойынша тәмамдаған. Джордж Вашингтон университетінің (Вашингтон қ., АҚШ) «Мемлекеттік басқару» саласындағы магистратурасын бітірген. «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Президенттік жастар кадр резервінің құрамында.
2012–2014 жж. – Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің сарапшысы;
2014–2015 жж. – Түркі академиясының халықаралық қатынастар орталығының директоры;
2016 ж. – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінде халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы;
2016–2018 жж. – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы, стратегиялық әзірлеу басқармасының басшысы;
2018–2020 жж. – Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінің саяси мәселелерге жауапты бірінші хатшысы;
2020 ж. 1 наурыздан бастап – Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулы қызметін атқарды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.