Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Автомагистральдар бойынша жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы өткен брифингте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетіне қарасты «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры Замир Сағынов Қазақстанда жол жүру мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне қатысты баяндама жасады.
Жол көлік оқиғалары салдарынан адам шығыны бойынша Қазақстан 175 ел ішінде 74 орында тұр. Яғни 100 мың адамға шаққанда 17,6 адам қаза табады делінген Дүниежүзілік денсаулық сақтай ұйымының мәліметінде. Қайғылы көрсеткіш бойынша ТМД елдерінен Өзбекстан (11,5), Белорусь (8,9) елдері бізді артқа тастапты.
Азия даму банкінің мәліметі бойынша 2013 жылы Қазақстан жол-көлік оқиғалары салдарынан 9 миллиард АҚШ долларына пара-пар экономикалық зардап шегіпті Бұл Қазақстанда жолаушылардың жүру мәдениеті қалыптаспауы салдарынан орын алуда дейді Замир Сағынов.
Мысалы жаяу жүргіншіге қатысты жол көлік оқиғалары 42% көрсеткішпен көш бастап тұр. Жол апатының 30 % жылдамдықты асыру салдарынан орын алып отыр. Мал басып кету дерегі бойынша соңғы бір жылда 104 жол апаты болып, оларда 140 адам жарақатталып, 36-ы қайтыс болыпты.
Женевада өткен «жол қауіпсіздігі жахандық ынтымақтастығы» конференцияда қабылданған «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» нұсқаулығына сәйкес, жылдамдық сағатына 10 шақырымға қысқарса, адам шығынымен аяқталатын жол-көлік оқиғалары 37 процентке кемитін көрінеді.
Осы мәсілелерді егжей-тегжейлі зерттей келе Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы бірнеше ұсыныс енгібек.
- Апат жиі орын алатын учаскілерінде тіркеу камераларын орнатып Әкімшілік полиция комитетінің дерекқорымен біріктіру.
- Автомобиль жолдарында орташа жылдамдықты анықтау тәсілін енгізу.
- Үй жануарларымен болған ЖКО кезіндегі мәселені заңдық негізде нақты механизмдерді бекіту
- Қазақстан азаматтарына жол қателікті кешірмейтінін түсіндіретін насихат жұмыстарын жиелету –керек деп санайды.
Презентация: Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі
Алтынбек Құмырзақ