1.Қымыз ерекше технологиямен сақталады. Онда ішкі, сыртқы температура, орын жай, яғни кеңістік пен уақыт межесі мұқият ескеріледі. Ол технологиялық процестері дұрыс сақталған, күзгі бабына келген сары қымыз болады. Жалпы сақталған қымыз дәмді, сіңімді әрі адам ағзасына өте қажетті минералдық заттарға бай болады.
2.Ет тағамдары: жоғарыда айтылған технологиялық процестермен дайындалып сақталған, қазы-қарта, жал-жая, шұжық-әсіп, кәделі жіліктер, қатырған манті-тұшпаралар, қарынға салған қуырдақтар.
- Сүт тағамдары: сары май – ақ май, жұмсартылған май; құрт – жарма құрт, шақпа құрт,малта құрт, езбе құрт; ірімшік – ақ ірімшік, қызыл ірімшік, мәйек ірімшік, үрме ірімшік; қаймақ – бал қаймақ, жал қаймақ, кептірілген қаймақ, қазан қаймақ, қоспа қаймақ.
4.Жарма тағамдары: тары – май сөк, қуырған сөк,бөртпе сөк,сөк көже; жент – май жент, жарма жент, үрме жент; талқан т.б.
- Үн тағамдары: бауырсақ – 20 дай түрі болған; құймақ – сүт құймақ, май құймақ; жеті шелпек; орамалар.
6.Көк жеміс-жидектер: Қазір жеміс-жидектердің бәрі бар. Дегенмен де қазақ дастарқанында өрік, мейіз, жүзім, алма болуы маңызды.
- Наурызда алғашқы төлдеген мал уызын бүйенге салып, дәніміз дәнге қосылды деген ырыммен наурыз көжеге салып қатырады.
Осы аталған тағамдар тойдың ажары, дастарқанның сәні ғана емес, бұлар – адам өмірінің нәрі.
Өнерхан САНСЫЗБАЙҰЛЫ,
этнограф, тағамтану технологы.
Тағы оқыңыздар: https://dasturkb.kz/nauryz-k-zheni-ramy/2021/