2020 жылғы 22 желтоқсанда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 75-жылдығына арналған «Қазақстанның тарих ғылымы: өткені, бүгіні және келешегі» атты халықаралық ғылыми-теориялық онлайн-конференция өтті.
Ш.Ш. Уәлиханов атын Тарих және этнология институты КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысы, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы штаттық комиссияның 1944 жылғы 6 желтоқсандағы № 689 шешімі, КСРО ҒА Қазфилиалы Президиумының 1945 жылғы 14 тамыздағы № 20 «Тіл, әдебиет және тарих институтының құрамынан дербес институттарды: Тарих, археология және этнография институтын және Тіл және әдебиет институтын бөліп шығару туралы» Қаулысы негізінде құрылды. 1961 жылдың қаңтар айында институтқа белгілі тарихшы-ғалым, этнограф Ш.Ш. Уәлихановтың есімі берілді. ҚазКСР ҒА Президиумының 1991 жылғы 12 қыркүйектегі № 73 қаулысымен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты болып атауы өзгертілді.
Конференцияда:
- тарих, тарихнама, деректану және әдістеме;
- Қазақстан тарихының теориялық-әдіснамалық мәселелері;
- этнография, археология және мұражай;
- Ұлы дала мемлекеттілігінің тарихы және оның сабақтастығы;
- тәуелсіздік жағдайындағы тарих ғылымының жай-күйі мен даму перспективалары;
- Қазақстан тарихының шешілмеген мәселелері мен «ақтаңдақтары»;
- Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарды дамытуға қосқан үлесі, оның Қазақстан тарихының ұлттық тұжырымдамасындағы рөлі мен орны сияқты біраз тақырыптар туралы баяндамалар жасалды.
Конференция қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізілді.
Дәстүр