ҚР Денсаулық сақтау министрінің баспасөз хатшысы Бағдат Қожахметов қазір екінің бірі медицина қызметкерлерін сынағыш болып кетткенін мәлімдеді. Ол Facebook-тегі парақшасында медицина саласына екі айдай уақыт қызмет етіп жатқанын және дәрігерлердің атқарған ісін көпшілікке жеткізіп жүргенін жазды. 

«Қоғаммен көпір орнатып жүріп түсінгенім: өз-өзін қандай жолмен болсада көрсететін адамдар көбейіп кетіпті елімізде. Солардың кейбіреулері жақсы бір әдіс тапқан секілді.
Бордюрге, әкімге, қойнында жатқан әйеліне ренжіседе өшін ақ халатты абзал жандардан алады. Олар аса мейірімді жандар емес па, бәріне шыдайды. Медсестраны қазақ бекерден МЕЙІРбике демейді ғой. Күндіз әлеуметтік желіде оның “бетіне түкіріп, табан сүртіп”, кешке жан қиналып ауырғанда түк болмағандай ыңқылдап сол дәрігерге барып емделетіндер бар. АРАМызда. Менің әріптестерім жоқ емес олардың ішінде»,-деп жазды Б. Қожахметов.

Оның айтуынша, жалпы біреуді жамандап атақ шығаратындар көбейіп кетті. Бүгінгі күннің әлеуметтік сәніне (модасына) айналғаны — дәрігерлерді, ауыруханаларды, Денминді “тепкілеу”, жамандау. Өзін өзі батыр көрсетіп, атын шығарғысы келетіндер, сол баяғы Минздравқа тиседі. Челлендж сияқты. Жұрттан қаламыз ба, деп.

Атам айтушы еді: — “білген боғын жесін”, деп. Бірақ ойымда жүргенін жеткізгім келді. Әрине, бір демде қоғам өзгеріп мәдениетіміз өрбіп кетпейді. Бірақ әр адам істегеніне, ойымен айтқан сөздеріне бір күні жаратушының алдында жауап береді. Оған күмәнім жоқ»,-деді ҚР Денсаулық сақтау министрінің баспасөз хатшысы.

Сонымен қоса, Бағдад Қожахметов емшілердің намысын қорғайтындардың барында тілге тиек етті.

Бөлісу: