Лавр ағашы оңтүстік Азияда, Жапонияда табиғи өсетін болса, Қаратеңіз жағалауында қолдан өсірілетін мәңгі жасыл болып тұратын ағаш өсімдігі. Оның биіктігі 25-30 метрге дейін барады. Жапырақтары жұмыртқа формалас, ақшыл сарғыш гүл ашады. Гүл жапырақшаларының ұзындығы 5-11 см аралығында болады. Жемісі сүйекті қарақоңыр болып келеді. Гүлі мамыр-маусым айларында ашылып, жемісі қараша айында піседі. Жапырағын жас бұтақтарымен жылына екі рет маусым-тамыз айларында қырқып алады. Жемісін күзде жинайды. Оның дәнінен, тамырынан камфора иісті затын, эфир майларын өндіреді.

Лаврдан бізге жететіні – лавр жапырақтары, эфир майлары, түрлі дәрі-дәрмектер деуге болады. Соның әр үйден табылатыны жапырақтары. Енді оның емдік қасиеттеріне тоқталайық.

  1. Суық тиіп қатты жөтел қысқан кезде 2 тал лавр жапырағын бір стақан суға салып, үстінен бір ас қасық ас содасын салады. 15 минут ақырын қайнатады. Осыған бір ас қасық бал қосып жылыдай ішеді. Лавр жапырағын алып тастайды. Ішкен кезде үнемі жылы болуы қажет. Бұдан жөтел тоқтап, қақырық шыға бастайды.
  2. Көз былшықтанып, түйіліп ауырған кезде 4 тал жапырақты ұнтақтап, жарты стақан қайнап тұрған суға салып, бұқтырады. Осы сумен жылыдай көзді жуады. Тампон қояды. Осы судан ішуге болады.
  3. Лавр жапырағынан ұнтақталған екі ас қасықты алып, бір стақан қайнап тұрған суға 2 сағат бұқтырады. Осыны құлақтан ірің-су аққан кезде ішіне тамызады.
  4. Он тал лавр жапырағын ұнтақтап, бір стақан қайнап тұрған суға салып, бір сағат бұқтырады. Тік ішек шыққан кезде жылыдай осыдан дәкіге сіңдіріп, арттан тығып қояды. Әр екі сағат сайын ауыстыруға болады.
  5. Сусамыр ауруына 10 тал жапырақты ұнтақтап, 3 стақан қайнап тұрған суға 3 сағат бұқтырады. Осыдан күніне үш рет, әр жолы үш ас қасықтан ішеді.
  6. Буын, сал, дірілдеп ауруға 30 г.лавр жапырағын ұнтақтап, оған 200 г.тазартылмаған күнбағыс майын құйып, 10 күн тұндырады. Осыны сығып, басқа ыдысқа құйып алады да ауырған жерді сылап, орайды.
  7. Адам ағзасынан артық тұзды шығару үшін 5 тал жапырақты жарты литр суда 10 минут ақырын қайнатады. Жылыдай сүзілген осы суға бір ас қасық бал, кішірек бір лимон шырынын қосып араластырып, бір күнде түгел бітіреді.
  8. Қан қысымын төмендету үшін 4 тал лавр жапырағын бір стақан қайнап тұрған суға 30 минут бұқтырады. Таңертең-кеш ас алдында бөліп ішеді. Егер қан қысымы 160 та 90 болса жоғарыдағы мөлшерге бір шай қасық аскөк (укроп) қосуға болады.
Бөлісу: