Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында, «биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Ұлы ақынның мерейтойын лайықты атап өту үшін ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізіледі»,- деген болатын.

Кеше ғана жарық көрген Президентіміздің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын кең көлемде түсіну, ұғыну, талдау үшін С.Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасында үкіметтік емес ұйымдар ассоциациясы қызметкерлері, оқырмандар мен клуб мүшелерінің, сондай-ақ кітапхана қызметкерлерінің басын қосқан шара өтті. Шарада мақаланың мәнісі түсіндірілді. Маңызды мақаланың негізгі ойы – Абай сөзінің бүгінгі заманымыз үшін көкейкестілігі, ақын шығармаларынан халқымыз қандай тағылым алуға тиіс екендігі.

 Ауқымды мақала 5 бөлімді қамтыды:І. Ұлттық болмыстың үлгісі, ІІ. Мемлекет ісінің мүддесі,ІІІ. Жаңа қоғамның жанашыры, ІҮ. Әлемдік мәдениеттің тұлғасы, Ү. Торқалы тойдың тағылымы.

Мақалаға өзекті ойды он топқа бөліп түсіндіруге тырыстым.

1. Абай жырларын оқу челленджін жаңаша жандандыру.

2. Ілгерілеудің негізі – білім мен ғылымда.

3. ИнтеллектуалдыұлтқалыптастыруидеясыАбайданбастауалады.

4. Егемен ел ретінде өсіп-өркендеуіміз үшін мемлекеттілігімізді нығайтуымыз керек.

5. Абайдың «толық адам» тұжырымын қайта зерделеу керек.

6. Абай – еңбекқорлықтың мотиваторы.

7. Әлем біздің рухани және мәдени құндылықтарымызбен жете таныс емес.

8. Әр шаңырақта Абайдың кітабы мен Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы тұруы керек.

9. 500-ден астаміс-шара ұйымдастырылады.

10. Абай арманы – халық арманы.

Байқасақ Президентіміз өз ойын Абай нақылдарымен, өлеңдерімен түйіндейді.

Бұл мақала тарихи миссия арқалаған стратегиялық құжаттың, яғни Президентіміздің жолдауындағы І бағытының заңды жалғасы іспеттес.

Осыдан 15 жыл бұрын мектеп қабырғасында жүріп Абай өлеңдерін оқып өстік, бүгін де Абай өлеңдерімен сусындап отырмыз. Болашақта да Абай мұралары баршамызға қашанда рухани азық бола берері анық.

Президентіміздің «Елбасы бастап, ел қостап, биік белестерді бағындырдық. Озық елулікке кіреміз деп мақсат қойдық, ол мақсатқа мерзімінен бұрын жеттік. Озық отыздыққа қосылуды межеледік. Ол межеге де жетеміз. Сол межеге жетуге де бізге Абай мұрасы көмек бере алады»,- деді.

«Абай айтқан бес асыл істі жүзеге асырып, бес дұшпанды бойдан қашырып жатырмыз ба деген ойдың төңірегінде толғансақ та талай жайға қаныға аламыз» деген болатын Президентіміз өз мақаласының соңында.

Олай болса бес асыл іс пен бес дұшпанды тілге текке тиек етпей Абайдың осы өлеңінен үзінді айта кетейік.

Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ —
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой —
Бес асыл іс, көнсеңіз.

Расында да Абай – қайталанбайтынтұлға. Абай – дара, Абай – дана қазақта! Қазақтың маңдайына біткен бақ. Қазақтың бойтұмары.

Шарада тақырыпқа сай кітап көрмесі де жасақталды. Шара соңында үкіметтік емес ұйымдар ассоциациясының президенті Айгүл Егізбайқызымақалаға қатысты ойымен бөлісіп,ризашылығын білдірді. Сонымен қатар кітапхана директоры Гүлжайнар Нәренқызы сөз алып, естелік суретке түсумен тарқасты.

Қорыта айтқанда «Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық». Олай болса сіз болып, біз болып Абай мұраларын ұлықтайық, насихаттайық.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауындағы мына бір жолдар соны аңғартады. «…, ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында дәріптеуіміз керек».

Абайды оқиық, Абайды таниық, Абайша ойлайық!

Айнұр Төлегенова.
С.Жиенбаев атындығы облыстық

 жасөспірімдер кітапханасының библиографы.

Ақтөбе қаласы.

Бөлісу: