Қазақ халқының қалыптасу үдерісінің аяқталуы

 

 Cегізінші тарау

Біртұтас Қазақ мемлекетінің құрылуы.

 Сабақтың тақырыбы:

Қазақ халқының қалыптасу үдерісінің аяқталуы

Мектеп:Нұр-Сұлтан қаласы.№68МГ

  Мұғалімнің аты-жөні: Айдос Ташмағанбетов  

СЫНЫП:  6 Қатысқан оқушылар  саны: Қатыспаған  оқушылар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 6.1.1.3 – ежелгі және ортағасырлар тарихының оқиғалары арасында байланыс орнату арқылы қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерді анықтау;

6.1.1.4 – «қазақ» этнонимінің мағынасын түсіндіру

Сабақ  нәтижесі:

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды.  Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен  жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау  критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік Қазақ халқының қалыптасу үдерісінің аяқталуы
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Жобалау,сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Дүниежүзі тарихы, қазақ тілі.
Алдыңғы оқу Ортағасырлық саяхатшылардың Қазақстан туралы мәліметтері
Сабақтың жоспары
Жоспарланғануақыт Сабақ барысы : Ресурстар
Сабақтың басы5  минут Ұйымдастыру кезеңі  2 минут

1.Мұғалімнің кіріспе сөзі

2.Оқу-тәжірибе кезеңі

3. Кері байланыс

Ортасы

25.минут

 

 

 

 

 

 

Тапсырма№1:
Қазақ халқы қалыптасу үдерісі нәтижесіне деректер келтіріп талдау жасаңыз.(«А,В,С әдісі.А-сұрақ қояды.В-жауап береді.С-айтқан жауаптарды бақылайды,толық болмаса толықтырады.А-сұрақ қоюшы,В-жауап беруші,С-бақылаушы ролін атқарады.Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып,әңгіме соңында қорытынды береді)
А-8балл
В-10балл
С-10баллБағалау: жеке,жұптық,топтық.

Тапсырма№2:
Кестеде «Қазақ» этнонимі туралы деректердің мазмұнын  түсіндіріңіз

Топтардың бірін-бірі бағалауы

Бағалау критерийі: «қазақ сөзі мағынасының

мазмұнын талдайды.

Дескрипторлар:

В.В. Радлов: «қазақ сөзінің мағынасы тәуелсіз, ерікті адамдар» сөзінің мағынасын ашып көрсетеді.

Ш.Ш.Уалиханов: «қазақ күшті, мықты, шабытты дегенді білдіреді» сөзінің мағынасын ашып көрсетеді.

Ш.Құдайбердіұлы: «қазақ өз алдына ел болып жүрген халық» сөзінің мағынасын ашып көрсетеді.

Б.Кәрібаевтың пікірінше қазақ – түркi сөзi. Бастапқыда ол ерiктi, еркiн деген мағынада қолданылды сөзінің мағынасын ашып көрсетеді.

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9 А 31Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. — 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х

 

Аяқталуы

Сабақты бекіту

5 минут

Бағалау

 

 

 

1.Қазақ халқының этногенезі үндіеуропалық және түркілік кезеңдерді қамтиды.

2.Қазақ халқының қалыптасуында андрон тайпалары,сақ,ғұн және түркі тілдес тайпалар маңызды орын алды.

3. «Қазақ» этнонимі еркін,тәуелсіз және батыл деген мағыналарды білдіреді.

Бағалау:өзіндік,жұптық және топтық.

Бағалау парақшасы

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

Кері байланыс

 

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс

 «Плюс-минус-қызықты»

«П» — «плюс»- сабақ барысында өзіне ұнағанның бәрін жазады, пайдалы ақпараттар, әдіс-тәсілдер т.б.

«М» — «минус»- сабақта өзіне ұнамағанның барлығын жазады, жалықтырған немесе түсініксіз болған тұстарын жазады.

«Қ» — «қызықты»-оқушылар өздерін таңқалдырған немесе жаңа ақпарат туралы, проблеманы шешу жолдары жайлы жазады.

плюс минус қызықты
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексия парағы.

Қосымша ақпарат

 

Тағы да оқыңыздар: https://dasturkb.kz/topty-zh-mys-o-ytudy-te-y-paldy-t-silderini-biri/2021/

Қосымша:

Бір ұлттың ұлттық этнонимінің шығуы, оның мән-мағынасы мен сөз төркіні тұманды мәселе. Тарихта ол талай ой-пікірді туғызып, айтыстар көтеретін, сан-алуан жорамал – жоруларды жорыққа шығаратын және бірауызды шешімге келе қою қиын күрделі мәселе. Сол сияқты, ”қазақ” атауының шығу тегі, оның мән-мағынасы туралы мәселелер талай заманнан бері талқыланып, сан алуан жорамал-жоруларды, дәлел-деректерді тудырады. Менің бұл тақырыпты алған себебім тарих ғылымында әлі күнге дейін, бұл мәселеге дәл, тұжырымды, тоқ етер жауаптың жоқтығы. Бұл мәселені талқылауда, қазақ халқының құрылу, қалыптасу тарихы мен уақыты ”қазақ” атауының деректемелер де жарыққа шығуынан ажырата білу қажет.Өйткені бір халықтың тарихи қалыптасуы мен оның атының бір уақытта бола бермей, ол ілгерінді-кейінді болып отырады. Алайда, бір ұлттың ұлттық атының шығу тегін, мән-мағынасын анықтау, сол ұлттың арғы тегі мен алғашқы кездегі тарихын түсінуге көмегі көп, маңызды мәселенің бірі.

”Қазақ” сөзінің пайда болуына байланысты, ғалымдар әлі бір пікірге келген жоқ. Осы сөздің мағынасын түсіндіретін бізге көптеген ертегілер, аңыздар, мифтер, ғалымдардың еңбектері жетті. Кейбір ғалымдар, ”қазақ” сөзі тайпалардың ыдырау нәтижесінде пайда болып, бұл сөз әлеуметтік мағынаға ие деп жорамал жасайды.

Ал, басқа ғалымдардың пікірлері бойынша ”қазақ” сөзі XV ғ 50-60 жылдары Керей мен Жәнібек сұлтандары басқарған тайпалардың жалпы атауы болып келеді. “ҚазССР тарихының” бес томдығында: “қазақ ұлты – XIV- XV ғ.ғ аралығында қалыптасты”, – деп жазылған.

“Ежелгі кезден осы күнге дейін Қазақстанның тарихы” атты кітапта, қазақ ұлтының қалыптасуы дәлірек айтылған, бұл XV ғ II жартысы. Сол кезде Қазақстан территориясында ”қазақ” деген атпен ұлт қалыптасты.

Алайда, ұлтқа ат берген сөз, сол ұлттың қалыптасуына дейін, өмір сүргенін есепке алу керек деп санаймын.

Сол себептен, мен өз еңбегімді ”қазақ” сөзінің пайда болу кезеңіне, оның этимологиясына арнап, оған егжей-тегжейлі талдау жасап көрдім.

Ежелгі Қытай мен “Ши Цзы” мен “Хань Шу” шежіресінде, фонетика жағынан “қазақ” сөзіне жақын “үйсін” (“усын” немесе “асу”) тайпалары жөнінде халқының ежелгі ата-бабасы боп есептеледі.

Ежелгі “Жұңго” жылнамаларында “үйсін”; “усын” яки “асу” деген аттары “қазақ” атауының дыбыстық баламасы дейді. Жоқ Имшақ, Хи Ишутау қатарлы зерттеушілер осы пікірді қуаттайды. Осыған орай Қытай ғалымдары “үйсін” және “қазақ” терминдерін идентификациялап, соңғының (“қазақ” терминінің) пайда болуын, ежелгі үйсіндердің өмір сүру уақытына, яғни б.э.д. I ғасырға жатқызады.

Зерттеуші Телқожа Жанұзақовтың пайымдары бойынша: “Қазақ атауы Кавказдағы түрік тайпаларының шежірелерінде кездесіп, VI ғ бастап жалпы есім және этнотермин ретінде кездескен…, кейін X-XI ғ.ғ. бұл термин басқа түрік тайпаларының арасында пайдаланған Қыпшақтар, Ноғайлардың ішінде де қазақтар болған” дейді.

“Қазақ” атауы “Таң патшалығы тарихында” (VII-VIII ғ.ғ.) “каса”, “хаса” түрінде жазылған деген пікір өте дәлелді.Мұнда парсыларға арналған тарауда, былай жазылғн: “Парсылар шығыста тохар, қаңлылармен, ал олардан солтүстікке қарай түрік ұлысы- касалар өмір сүрді”.

Егер де біз бұл хабарға ерсек “қазақ” атауы ерте кезде қарым-қатынас жасаған, жазу-сызу мәдениеті бар елдердің көбінің жазба деректерінде, атап айтқанда хащу, араб, парсы, византия, орыс, моңғол және түркі тіліндегі жазбаларында кездеседі. Бұл елдердің тіл өзгешелігі мен жазу-сызудағы дәстүрлеріне сай, “қазақ” атауы әр алуан формада – “аса”, “каса”, “хайсау”, “қасақ”, “көсек”, “гәсуг”,“гасаг”,“хасык”,“қасе” т.б. түрде кездеседі.

“Иуан патшалығы тарихындағы  аудармаларға қосымша” атты кітапта: “Түріктер мейлінше күшейген кезде, олардың батыс бөлігін “қаса”, “яки” “хаса” ұлыстары қатыстырады. Батыс елдерінің ежелгі деректерінде бұл  ұлыс “қазақ” деп аталған. “Каса”, “яки” “хаса” деген атау осы қазақ атауының дыбыстық баламасы” дейді. Хащу тілінің дыбыстық жүйесінің дамуы мен өзгеруіне байланысты харцу әрпі әр дәуірді әр түрлі дыбысталып (оқылып) отырған. Сондықтан, ханцу тарихшылары ұқсас бір ұлттың атын түрлі дәуірде түрліше әріптермен таңбалап отырған. Бұл әріптер өз дәуірінде сол ұлттардың атын едәуір дұрыс бейнелеген. Бұл әріптердің ерте замандағы оқылуы мен қазіргі оқылуының арасында айтарлықтай айырма бар. Демек, VII-VIII ғасырлардағы көне жазу тілінде жазылған тарихтардағы “каса”, “хаса”, “aca”, “кіса”, “хса”, “касо” деген халық аттары “Қазақ” атауының сол замандағы көне ханзу тіліндегі дыбыстық баламасы екені анық.. Жоғарыда баяндалған батыс пен шығыстың тарихшыларының деректемелерінде Х ғасырдан бұрын пайда болған “қазақ” атауы осы пікірдің дұрыстығын дәлелдейді.

Тағы да оқыңыздарhttps://dasturkb.kz/ashy-ty-tan-o-ytuda-fizikadan-zerthanaly-zh-mystardy-jymdastyru/2021/

Бөлісу: