Бала бақытының кепілі – ата-ананың өнегелі тәрбиесінде

1158
Сурет интернеттен

/психологиялық сағат/

Мақсаты: Отбасында ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын ашу.

Міндеттері:

– Өз баласын түсіну мүмкіндіктерін кеңейту.

– Баламен қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгерту.

Көрнекіліктер: ватман, маркерлер, стикерлер, шарлар, сауалнамалар, жадынама

І. Ұйымдастыру

– Құрметті ата-аналар, қош келдіңіздер! Бүгінгі сіздермен өткізілетін психологиялық сағатымыздың тақырыбы: «Бала бақытының кепілі –  ата-ананың өнегелі тәрбиесінде» деп аталады. Қазақ халқымыз сәлем түзелмей, әлем түзелмейді, – дегендей, барлықтарыңызды ортаға шаттық шеңберіне шақырамын.

  1. Сәлемдесу рәсімі.

а) «Бір күнгі танысыңа – қырық күн сәлем!»

Нұсқау: Қорапшадан қатысушылар өздеріне таңдаған түстегі қағаздан алады. Ішіндегі белгіле бойынша оң жақ және сол жақ көршілерімен сәлемдеседі. Мысалы, егер көз бейнеленген болса, оң және сол жақ көршілерімен бір көзін қысып сәлемдеседі;

егер жүрек бейнеленген болса, оң және сол жақ көршілерімен құшақтасып сәлемдеседі;

егер күн бейнеленген болса, оң және сол жақ көршілерімен құшағын жайып сәлемдеседі;

егер ауыз бейнеленген болса, оң және сол жақ көршілерімен жымиып, күліп сәлемдеседі;

егер қол бейнеленген болса, оң және сол жақ көршілерімен қол беріп сәлемдеседі;

б) Нұсқау: Әрбір ата-ана өзінің есімін атайды да, бойындағы асыл бір жақсы қасиетін атайды. Мысалы, Мен Гүлбанумын, мен уәдеге берікпін;

в) Таңдаған қағаздың түсіне байланысты топқа бөлініп отырады (қызыл, сары, көк);

  1. «Өмірдің мәні» тәжірибелік мысал
  2. Топтық жұмыс. «Отбасында балаға психологиялық қолдау көрсету»

Топқа ватман, стикерлер беріледі, сұрақтарды топ бойынша талдап, жобаларын қорғайды.

І топқа: Бала білімді, әрі тәрбиелі болып өсуі үшін, ата-ана қандай жағдайлар жасауы керек?

ІІ топқа: Балаларды теріс қылығы үшін жазалау керек пе, болса қандай?

ІІІ топқа: Мұғалім мен ата-ана байланысының тиімділігі неде?

  1. жаттығу «Нәзіктік»

Мақсаты: Ата-ананың балаға қарым-қатынас жасаудың тиімді тәсілін көрсету.

Нұсқау: Ортаға екі қатысушы шақырылады. Екеуіне де шар үрлеу тапсырылады. Бірінші ата-ана шарды үрлейді, бірақ байламайды, ішіндегі ауасын ақырындап шығарады. Екінші ата-ана шарды үрлейді, бірақ байлайды.  Ішіндегі ауасын шығару үшін, шарды аяғымен жарады.

Жаттығудың маңыздылығы: Шар сіздің балаңызды бейнелейді. Ал, оның ішіндегі ауа сіздің балаңызға деген ашуыңыз. Балаға деген ашуыңызды тиімді тәсілдер арқылы қолдана білдіңіз бе? Бірінші қатысушы балаға деген ашуын, шарды зақымдамай шығара білді.  Ал, жарылған шар, бұл агрессияны білдіреді. Шар зақымданды. Әрбір ата-ана бала тәрбиесінде тиімді тәсілдерді қолдана білуі қажет.

  1. Сауалнама «Сіз балаңызды жақынырақ танисыз ба?»

 

Тағы да оқыңыз https://dasturkb.kz/ndyly-ty-zhasynan-a-bilsin-zhas-lan/2021/

Аты-жөніңіз:  _________________________________

Балаңыздың аты-жөні:___________________________

1.Балаңыз қандай пәндерді қызығып оқиды?

_________________________________________________

2.Балаңыздың ең жақын досы (достары) кім?

_________________________________________________

3.Балаңыздың парталас көршісі кім?

_________________________________________________

4.Балаңыздың сүйіп көретін хабары:

_________________________________________________

5.Балаңыз қандай жануарларды жақсы көреді?

_________________________________________________

6.Балаңыздың сүйікті түсі қандай?

_________________________________________________

7.Балаңыз қандай тағамды сүйсініп жейді?

_________________________________________________

8.Балаңыз спорттың қай түрін жақсы көреді?

_________________________________________________

9.Балаңыз бос уақытында немен айналысады?

_________________________________________________

10.Балаңыздың болашақ арманы :

_______________________________________________

Тағы да оқыңыз: https://dasturkb.kz/topty-zh-mys-o-ytudy-te-y-paldy-t-silderini-biri/2021/

Сұрақ: Кімнің сауалнамасы балаңыздың жауаптарымен сәйкес келді? Кімдікі сәйкес келмеді?

Талдау: Ата-аналардың жауабынан кейін балалардың жауабымен салыстыру, өз пікірлерін білдіру.

  1. тест «Ата-ана беделі»

Мақсаты: Ата-аналардың тәрбиелік стилін анықтау.

Нұсқау: Тақтада 4 тіршілік иесі берілген. Ата-аналар оның біреуін таңдайды. Таңдаған жауаптарына сипаттама беру.

Дельфин-Белсенді, әрбір адамға дұрыс бағыт- бағдар айтып, кез -келген жағдайда қолдау көрсете алады, өте сезгіш, үйлесімділікті жақсы көреді, ақкөңіл , позитивті, жанашыр,достыққа адал,адамдармен тез тіл табысып кетеді.

  1. «Бала тәрбиесі – маңызды міндет» ата-аналарға арналған ақпарат.

«Бала тәрбиелеуде ата-аналарға ұсынылатын кеңестер» жадынама тарату

 

  1. Рефлексия «Әрбір бала – бір жұлдыз, жарқырауына оның көмектес!»

 Оқушылармен жұмыс

 

  1. жаттығу «Мен ұмытпайтын сыйлық»

Мақсаты: Ата-ананың қадірін түсіндіру.

Жүргізуші:

– Балалар, осы уақытқа дейін сендер әртүрлі сыйлықтар алып келдіңдер. Олар үлкен, кіші, шағын, орташа, қымбат, құнды, ерекше сыйлықтар шығар. Айтыңдаршы, сендер үшін ең қымбат, құнды болып саналатын қандай сыйлық?

Барлықтарың да дұрыс айтып отырсыңдар. Негізінен адам баласы үшін ең құнды сыйлық, ол өмір. Ал осы өмірді сендерге кім сыйлады? Әрине, ата-аналарың. Ендеше, осы ата-аналардың құрметіне әсем әуенді тыңдасақ.

(Ән: Әке мен ана)

 

  1. жаттығу «Бақытты отбасы»

Мақсаты: отбасы құндылықтарын меңгерту.

Нұсқау: Оқушыларға «Бақытты отбасы дегеніміз не?», «Бақытты отбасында қандай құндылықтар сақталған?» сұрақтарына жауапты күншуақтарына жазу тапсырырады.

 

  1. «Ой салатын туынды»

 

  1. рефлексия «Жақындарыма мың алғыс!»

Жүрекше гүлдерге оқушылар өзіне ең жақындарына өз алғыстарын, рахметін жазып, ата-аналарына сыйлайды.

Сауалнама «Сіз балаңызды жақынырақ танисыз ба?»

Аты-жөніңіз:  _________________________________

Балаңыздың аты-жөні:___________________________

1.Балаңыз қандай пәндерді қызығып оқиды?

_________________________________________________

2.Балаңыздың ең жақын досы (достары) кім?

_________________________________________________

3.Балаңыздың парталас көршісі кім?

_________________________________________________

4.Балаңыздың сүйіп көретін хабары:

_________________________________________________

5.Балаңыз қандай жануарларды жақсы көреді?

_________________________________________________

6.Балаңыздың сүйікті түсі қандай?

_________________________________________________

7.Балаңыз қандай тағамды сүйсініп жейді?

_________________________________________________

8.Балаңыз спорттың қай түрін жақсы көреді?

_________________________________________________

9.Балаңыз бос уақытында немен айналысады?

_________________________________________________

10.Балаңыздың болашақ арманы:

_______________________________________________

Райгул  Сайлаубаева, Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп –гимназиясы, Педагог-психолог. 

Ұқсас тақырыптар: https://dasturkb.kz/bolasha-mamandy-yn-bala-zi-ta-dau-kerek/2021/

Бөлісу: