2021 жылғы 30 қаңтар күні Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназиясының Жалпы Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымының жеті бағыты бойынша кезекті іс-шара өткізілді. Аталған шара Өркендеу жобасы аясында ұйымдастырылды. Жоба шеңберінде «Ата мектебі», «Әже мектебі», «Әке мектебі», «Ана мектебі», «Аға мектебі» және «Жеңге мектебі» сынды тәрбие мектептері құрылып, бүгінде олар мектебімізде бірнеше бағыт бойынша жұмыс істеуде.
Іс-шараның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
Іс-шараның міндеттері: Қазақ халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілікті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналығын арттыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру, балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін жағдай жасау, жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.
«Руханият» бағыты
Шара барысында «Руханият» бағыты бойынша «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» тақырыбы аясында Р. Сайлаубаева 1 жыл көлемінде атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Себебі, өз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі екені баршаға аян. Ұрпағымызды парасатты да, бойында азаматтық намысы бар, Елін, жерін сүйетін, өз отбасынын тарихын білетін азамат етіп өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық дамудың негізін келешек ұрпақ тәрбиесіне бағыттауымыз керек. Оқушыларды өзінің жеті атасымен, өмірі мен ерлігімен таныстырып, олардың меңгерген білімдерін жетілдіріп, білік пен дағдыға айналдыруы, танымдық қабілеттерін дамытуы, өз ойын анық жеткізе білуі — бұл үлкен жетістік екендігін атап өтті.
«Жеті жарғы» бағыты
«Жасұлан» ұйымы Өркендеу жобасының «Жеті жарғы» бағыты бойынша 5-10 сыныптар арасында аталған мерзім ішінде жүргізілген жұмыстары туралы «Тура биде туған жоқ» атты жұмыстың жетекшісі Ж. Тайбекова тоқталып өтті.
Мектеп оқушыларымен біріге отырып жоғарыда аталған тақырыпта жұмыс жүргізудегі басты мақсат: жас ұрпақтың бойына еліміздің ұлт болып қалыптасуы жолында бабадан бүгінгі ұрпаққа мирас болып келе жатқан ұлан ғайыр жерімізді білектің күші мен найзаның ұшымен қорғаған батыр бабаларымыз, кемеңгер хандарымызбен қатар қара қылды қақ жарып, әділдік пен шындықты өмірлік ту еткен қазақ билерінің ерлік істері мен шешендік сөздерін бала санасына сіңіру арқылы оларды өз елінің нағыз ұлтжанды патриотына айналдыру.
Осы мақсатты жүзеге асыру барысында мектебімізде біршама жұмыстар бастау алып, дәл бүгінге дейін өз жалғасын тауып келеді. Атап айтар болсақ, мектеп жанынан құрылған «Алаш жолы» субъективті музейінің ұйымдастыруымен өткізілген сахналық қойылымдар шеруі байқауында алтын тарихымыздың шежіресінен сыр шертетін жарыстар болып өтті. Дәл осы бағытта жасалған әр бір іс-шара әр баланың бойында елімізге деген сүйіспеншілікпен қатар, Отанымызға деген патриоттық сезімін оятататынына сеніміміз мол.
Тағы да оқыңыздар: https://dasturkb.kz/bala-ba-ytyny-kepili-ata-anany-negeli-t-rbiesinde/2021/
«Еңбек бағыты» бағыты
Аталмыш бағыт бойынша оқушылардың бойында еңбекке, ұлттық қолөнерге, қайырымдылық жасауға бейімдерін арттыру мақсатында біршама іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл туралы «Шебердің қолы ортақ» атты тақырып жетекшісі С. Амангелдиева атап өтті.
Мәселен, «Өнерлі саусақтар» ұлттық анимацияларды қолданып, фотоға түсуде ұлттық тәрбиені сақтап, фотосессия сайыстары жүргізілді. Аталмыш сайысқа 6-7 сынып оқушылары белсене қатысып, нәтижесінде «Best friends forever» тобы жеңімпаз аталды.
Бұдан бөлек «Сурет сиқыры» атты сурет байқауы. Байқауға қатысушы оқушылардың жас ерекшеліктері:
- 6-9 жас;
- 10-13 жас;
- 14-17 жастағы оқушылар байқауға қатысқан болатын.
Байқау шарты бойынша әр бір оқушыға тек қана 4 түсті бояу беріліп, Қазақстанның әдемі табиғатын бейнелеу керек болатын. Оқушылар бұл байқауда өз қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетіп шықты. Нәтижесінде жасаған жұмыстары және жас ерекшеліктері бойынша марапатталды.
«Шебер қыздар» онлайн марафонының өтуіне «Аналар мектебі» белсене көмек көрсетті. Қыздар аналарымен бірге тоқыма бұйымдарын тоқыды. Бұл марафон барысында ұлттық киімдер насихатталып, оқушыларды қолөнерге баулу үлгісі көрсетілді. Онлайн марафонда жылы шұлықтар тоқылып, «Жасұлан» ұйымымен бірге қайырымдылық ретінде №1 Қарттар үйіне сыйға тартылды.
«Салауат» бағыты
Мектеп оқушыларының қабілеттерін жан-жақты дамыту жолында тарих, математика пәні ұстаздарымен бірлесе отырып, интелектуалдық ойындар, сайыстар, сахналық қойылымдар сияқты түрлі іс-шаралар өткізілді. Мысалы, қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына орай мектебіміздің 5-9 сынып оқушыларымен «Абай мен Тоғжан», «Абай мен Шәкәрім», «Абай мен Құнанбай», «Зере мен Кеңгірбай» атты тақырыптарда сахналық қойылымдар болып өтті.
Бұл бағыт бойынша мектебімізде дене шынықтыру бірлестігімен біріге отырып Алтын сақа интеллектуалды ойын сайысы өткізілді. Сонымен қатар Алтын сақа интеллектуалдық ойынына орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында оқушылар ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру арқылы асыққа байланысты өз білімдерін ортаға салып, ойларымен бөлісті.
Бүгінгі күні оқушыларымыздың көркем әдебиетке деген, халқымыздың өткен тарихы мен салт-дәстүрін танып-білуге деген қызығушылығын арттыруда жоғарыда аталған іс-шаралардың маңызы зор. Тағы бір маңызды мәселе, оқушылардың қандай да бір жетістіктерін марапаттап отыру, олардың білімге деген құштарлығын арттырып, ізденушілік, шығармашылық, зерттеушілік талпыныстарын, таным-түсініктерін тудыратыны сөзсіз.
Тағы да оқыңыздар: https://dasturkb.kz/syrlasajy-zhe-eshe/2021/
«Экоәлем» бағыты
Мектебімізде «Жасұлан» ұйымының ұйымдастыруымен экологиялық апталыққа байланысты «Тұрмыстық қалдық заттарды қайта сұрыптау» атты тақырыпта 7-8 сыныптар арасында көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ, 7-11 сынып оқушылары cәуір айында «Бір тал кессең — он тал ек!» атты тақырып аясында мектеп ауласында ағаштар отырғызған болатын. Бұл іс-шараға оқушылардан бөлек мектеп ұстаздары мен ата-аналары жоғары деңгейде ат салысты.
2020 жылғы 21 ақпан күні «Ойнайық та, ойлайық» атты эко квест сайысы өтті. Сайыс мектебіміздің салтанат залында, кітапханада, спорт залында 7-8 сынып оқушылары арасында өтті. Сайысқа әр сыныптан 6 оқушы қатысты. Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша 7 «В» сынып оқушылары І орынға лайықты деп танылды. Қала бойынша 66 — мектепте өткен Экочелендж бағыты бойынша А. Пәрімбек қатысып, арнайы сертификатқа ие болды.
2020 жылғы 25 қыркүйек күні мектебімізде Экоклоун қалалық жобасына орай «Табиғатты қорғайық» атты тақырыпта тәрбие сағаттары өткізілді. Шара қашықтықтан ұйымдастырылғандықтан, ZOOM платформасы арқылы өткізілді.
2020 жылғы 2 қараша күні «Эко пластик» қала көлеміндегі жоба аясында 5-9 сыныптар арасында «Қалдықсыз технология пластик өнімдерін қайта өңдеу» атты жиын болып өтті. Жиын мақсаты эко пластик өнімдерін жинау еді. Осыған орай «Эко пластик» акция аясында мектеп оқушылары макулатура қалдықтарын жинап өткізіп, нәтижесінде кітапханмыз 7 жаңа оқулықпен толықты.
«Өркендеудің» басты мақсаты – өскелең ұрпаққа бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін жете ұғындыру, жанұядағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту және отбасы мүшелері арасындағы қайырымдылық, бауырмалдық сынды құндылықтарды қалыптастыру. Осы ретте мектебімізде ұйымдастырылған тәрбие мектептері озық салт-дәстүрді талдап түсіндіріп және оны дәріптеуді үйретудің алғашқы баспалдағының қалануына негіз болды. Бастама отбасы институтындағы тәрбиені бүгінгі мектеп тәрбиесімен ұштастыра жолға қойды деп толық сеніммен айта аламыз. Тәрбие бастауы мектептен бастау алатындығын ескеретін болсақ, бұл шара өз жалғасын табуы тиіс. Нәтижесінде, араға уақыт салып өз жемісін береді деген ойдамыз.
Т. Т. Тлеубекова, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназия» КММ-сі аға тәлімгері
Тағы да оқыңыздар: https://dasturkb.kz/bilim-beru-rdisinde-a-paratty-tehnologiyalardy-pajdalanudy-ma-yzy/2021/