Елеке сазы

480
Елеке сазы

Алтын  адам – Қазақ  тарихының   феномені, қазақстан  тарихындағы  ең танымал  археологиялық  қазба. Ол  Қазақстан  үшін  ғана  емес,  бүкіл  әлем үшін  баға  жетпес  мұра.  Ұлы  Даланың  жеті  қырының  бірі. Уақыт  өте келе    тарихи-мәдени  мұраға  арналған  ғылыми зерттеулер негізінде құндылығы  одан  әрі арта түспек. Абай мен Шәкәрімдей ұлы тұлғаларды дүниеге әкелген Шығыс Қазақстан облысы ел тарихын тағы да бір жаңалықпен толықтырғаны белгілі.

2008 жылы Тарбағатай ауданының  Елеке сазы жайлауынан   VIII ғасырда  жерленген  алтын  адам  қазылып  алынған. Белгілі археолог Зейнолла Самашев  жетекшілік еткен қазба жұмысы  Қазақстан тарихының  ірі жаңалығын ашқан. Бұл Елеке сазынан табылған алғашқы «Алтын адам». Өткен заманның  VIII ғасырындағы ерте сақ кезеңінің адам  қолы тимеген тарихи орын. Бұл жөні бөлек жәдігер тоналмай толық күйінде бізге жеткен. Яғни, дене сүйектері түгел сол күйі киімі  алтынмен апталған.

Антропологтар азаматтың жасын 17-18 шамасына жатқызыпты. Табылған мәйіттің жіліктері бірнеше жерінен тесілген.Ал, бастың жақ  сүйегінің қасында түтікше тәріздес нәрсе болған. Бұл тесіктер  мәйітті бальзамдау  үшін  жілік  майын  шығаруға арналғанын  зерттеулер барысы  анықтаған.

Елеке сазының алтын адамы сол дәуірдегі көптің бірі емес. Таза алтыннан құйылған алқасы ауқатты адам болғанын аңғартады. Киімі де  бағалы әшекей  бұйымдармен көмкерілген.

Жанынан табылған қорамсасы мен  қанжарында яғни,  сауыт-сайманындағы бұғылар бейнесі  де сол  кездің  өнері мен мәдениетінен  сыр  шертеді. Біз осындай алтын адамдар арқылы ата-бабаларымыздың өркениетімен мақтана аламыз. Бұл   жерде  тек   өнер ғана  емес, сонымен  қатар үлкен индустриялық жұмыстар  жүргенін көрсетеді.

Құнды  жәдігер дала өркениетінің зор  қуаты мен эстетикасын әйгілейтін бай  философияны паш етті. Біріншіден сол дәуірдегі қолөнердің  дамығанын көрсетсе, екіншіден  қойнауы  қазынаға бай еліміздің  металлы сол кездің өзінде сұранысқа ие болғанын  дәлелдеп тұр. Бұл Елеке сазынан табылған алғашқы жәдігер. Сан ғасыр  тарихынан сыр  шертетін көне жерден ұрпаққа  ел тарихын түгендейтін тағы бір  жәдігер  қорға қосылғаны  қуантарлық жағдай. Алайда  мамандар  «Алтын адам» әлі  де табылып  қалуы бек мүмкін  дейді. Себебі ,Тарбағатай  қойнауындағы  қазына  сол  күйі  сақталса, талай  археологиялық жаң алық  ашыларына  сенімді.  Елеке сазы алтын адамының көшірмесі Ұлы Дала Елі орталығы экспозициясында қойылды.

Г.Дюсенбаева, Түркістан облысы тарихи-мәдени-этнографиялық орталығының директоры, Мәдениет саласының үздігі 

Бөлісу: