ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлі Facebook-тегі парақшасында жазды.

Сапар барысында Президент «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу салтанатына қатысып, Абайдың «Жиделі-Бөрібай» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайын аралап көреді.

Сонымен қатар, «Қарағайлы» ықшам ауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысады.

Бұдан бөлек ақынның сирек кітаптар қорының көрмесін тамашалап, «Абай әлемі» сериясымен шыққан кітаптарды көріп, абайтанушы ғалымдармен кездеседі.

Қасым-Жомарт Тоқаев сапар соңында Жидебайға барып, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені мен ақынның мұражай-үйінің тыныс-тіршілігімен танысады.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=3254088781381198&id=100003403233694

Бөлісу: