Нұр-Сұлтан қаласы «Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназиясы» КММ –нің «Жас Ұлан» ұйымының «Өркендеу» жобасы негізінде оқушыларға руханият бағыты бойынша «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» тақырыбы аясында өткізілген іс шаралардың маңыздылығы зор.
Мақсаты: Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің тарихын, ата-бабаларының тарихын білуі және оның жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп қорытынды жасауы, сабақ алуы тиіс.
Өзектілігі: — өзінің кім екенін, қайдан шыққанын тарихи білім мен тәрбиені тығыз ұштастыру. Ел басымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бұл тәуелсіз Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі тарихын ой елегінен өткізіп, «Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» деген.
Өз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі екені баршаға аян. Мұның қандастық жағынан алғанда үлгі боларлық зор қызметі мен маңызын халқымыз ерте түсінген және оны берік ұстанып келген. Енді осы қағиданың терең тамырына көз жіберіп көрейік.
Біріншіден, жеті ата тәртібі туыстық, ағайындық бірлікті, ынтымақты ұстана отырып, бір ауыл, бір бауыр болып өмір сүрген. Бір рудың адамдары осы күнге дейін бір жерде мекендеп келе жатыр.
Екіншіден, жеті атаға дейінгі туыс-туғандардың тұрмыс-тіршілігі де, күнкөрісі де, тұрған жер, суы да, өріс, қоныс, жайлауы да қысы-жазы қатар немесе бірге болады. Қиындықта бір-біріне демеуші, қамқоршы-пана, қуанышты да, реніш-қайғыны да бірге көтеріп бөліседі. «Туысы бірдің – уысы бір» деген сөз осыдан шыққан.
Үшіншіден, бір атадан тараған туыстар мен жас ұрпақтар бірін-бірі жақсы таниды. Ағалы-інілі, апалы-сіңілі дегендей, сыйластықта, бауырмалдықта бірге өседі. Мұндай туыс-туған, жақын-жуықтар арасында орынсыз жанжал, ұрлық-қарлық, барымта, зорлық-зомбылық сияқты жат істер болмайды. Өйткені тәртіп бойынша туыстар бір-бірінің малын ұрламайды. Керісінше, сырттай қамқоршы болып, жақын-жуықтарының мал-жанына көз салып жүреді. Әкелер мен аналар бір кіндіктен шыққан перзенттерін ел, ру намысын қорғайтын ержүрек, қайырымды, қаншыл, ұйымшыл, бауырмал етіп тәрбиелейді. «Қанына тартпағанның қары сынсын» деп қатты айтатыны тағы бар. Жеті ата ұғымында ағайын арасындағы үзілмес бірлік, бұзылмас тектік тәрбие-тәлімі өте зор және бұл әдемі, ұтымды тәсілдермен жасалған.
Ұрпақтарымызды парасатты да, бойында азаматтық намысы бар, елін, жерін сүйетін, өз отбасынын тарихын білетін азамат етіп өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық дамудың негізін келешек қрпақ тәрбиесіне бағыттауымыз керек.Үлкендердің мойнындағы бір міндет – туыстарды жат болмауының қамын күйттеп, кімнің кім екенін, өзінің кім екенін, жеті атасын түгендеп, жалықпай бізге түсіндіріп беруі. Жеті атаны жаттату, тегінді айтқызу, халықтың дәстүрдегі өлең-жырларды айтқызу – бұл ата-әжелер үшін үлкен міндет. Оқушыларды өзінің жеті атасымен, өмірі мен ерлігімен таныстырып, олардың меңгерген білімдерін жетілдіріп, білік пен дағдыға айналдыру, танымдық қабілеттерін дамыту, өз ойын анық жеткізе білуге менінше бұл үлкен жетістік.
«Жеті ата» ұғымның мәні
«Жеті атасын білмеген жетесіз» деген сөз тегіннен тегін айтылмаған. «Жеті ата» деген ұғымда «ата» деген сөз бар. Яғни бұл «ата-баба» деген ұғымды көрсетіп, тайға таңба басқандай, соқырға таяқ ұстатқандай айтып тұр. Олай болса, жеті ата шежіресі өзімізге дейінгі ата-бабаларымыздан бастап таратылады. Яғни: 1. Өзің. 2. Әке. 3. Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6.Түп ата. 7. Тек ата (2-кесте). Бұл атаулар кей жерлерде басқаша айтылуы да мүмкін. Бірақ, қалай дегенмен де, жеті ата жолы осылайша таратылатын бұрынғы би, шешендер айтып кеткені – ақиқат шындық. Бұған қазіргі жөн, шежіре білетін қариялар да дәл жауап бере алады. Бұрынғылар жөн сұрасқанда «Ата-тегің кім?» – деп сұрайтыны, міне, осыдан шыққан.
«Жеті атасын білген ер
Жеті жұрттың қамын жер.
Жеті атасын білмеген
Құлағы мен жағын жер», – деген жүйелі сөз көп мағынаны білдіреді. Сондықтан да біздің ата-бабаларымыз өз ұрпақтарына жеті атасының аты-жөнін, атамекенін, өз руынан шыққан белгілі батыр, би, жақсылардың есімін айтып, үйретіп отырған.
- Шежірем
- Өз жұрттым
- Әкемнің нағашы жұрты:
- Нағашы жұртым
«Жеті атасын білмеген – жетесіз» деген аталы сөздің мағынасын ашу. Қарға тамырлы қазақ жөн сұраса келе туыс болып кетеді. Мұның бәрі ата-тегін білгеннің арқасы. Жеті атасын білген адам жеті жұрттың қамын жер деп сондықтан айтады.
Шежіре арқылы әркім өзінің ата-бабаларының кезінде би болғандығын, батыр болғандығын немесе білгір кісі болғандығын немесе бай болғандығын біліп, соны мақтан тұтады. Соған еліктейді, соған асып кетуге тырысады.
Шежірені дұрыс білген адам ол ең бірінші өзінің ағайындарын, одан жоғарғыларын барлығын біріктіреді. Ауыртпашылық заманда бір-біріне көмектеседі, жәрдемдеседі.
Қазақтың бүкіл ерлігі де, жеңісі мен жеңілісі де, сүйегіне түскен таңба мен маңдайына тұтқан мақтанышы да осы шежіре.
Дүние жүзіне аты мәлім ұлы бабамыз Әбу-Насыр Әл Фараби: «Тарихты білмей — өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын» деді. Сондықтан, қорыта келгенде тәуелсіз ел боламыз десең тілің мен тарихынды жадыңнан шығарма, құрметте және қастерлей білуіміз керек.
Тағы да оқыңыздар: https://dasturkb.kz/applikaciya-a-rt-rli-oju-rnekter-men-shekejlerdi-oldanu/2021/
«Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» тақырыбы аясында өткізілген іс –шаралар жоспары.
№ | Өткізілетін іс – шаралар
|
Мерзімі | Өткізілу түрі | Қатысушылар |
1. | «Жеті ата тағылымы» |
Қаңтар 2020 ж |
Дәріс |
6-7 сыныптар |
2 | «Жеті ата» қазақ қалқының ерекшелігі | Ақпан
2020 ж |
Тарихи бейне фильм | 4-10 сыныптар |
3 | «Менің есімімнің тарихы» | Наурыз
2020 ж |
Сынып сағаты | 6 сыныптар |
4 | Шежіре.
«Отбасы терегі » |
Қазан 2020 ж | Суреттер көрмесі | 1-4 сыныптар |
5 | Жеті ата жүйесі туралы не білесіз? | Қараша 2020ж | Пікір талас | 8-11 сыныптар |
6 | Өмір жайлы 7 ақиқат | Желтоқсан 2020 ж | Эссе | 9-11 сыныптар |
7 | Үлгілі отбасы | Қаңтар 2021 ж | Бейне роликтер | 1-11 сыныптар |
Райгул Сайлаубаева, Міржақып Дулатұлы атындағы « № 68 мектеп-гимназиясы» КММ, 6 «Ә» сыныбының сынып жетекші.
Нұр-Сұлтан қаласы.
Оқыңыздар: https://dasturkb.kz/ltty-t-rbie-ana-rsa-ynan-bastalady/2021/